5В090200 «Туризм» Білім беру бағдарламасы бойынша

  • Оқу практикасы (1 курс)
  • Оқу-өндірістік практика (2 курс)
  • Өндірістік практика (4 курс)
  • Дипломалды практика (4 курс)

1 курс студенттері туризм саласында мамандарды дайындау мақсатында оқу тәжірибесінен (оқу-жаттығу жорығы) кәсіби қызметтің келесі түрлері бойынша басқарма аппаратының түрлі қызметтеріндегі төменгі буын басшыларының жұмысымен танысу мақсатында өтеді:

  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • ақпараттық-аналитикалық;
  • Кәсіпкерлік

Үш түр бойынша оқу-жаттығу жорығы: Іле өзені бойынша қорытпа (күрделілігі І санатты), вело-жорық (күрделілігі І санатты) және жаяу жорық (күрделілігі І санатты).

2 курста жалпы ғылыми, құқықтық, мәдениеттану, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы туристік пәндер бойынша білімді бекіту және тереңдету, сонымен қатар теориялық білім, білу, дағды және құзыреттілік негізінде қалыптастыру мақсатында оқу-өндірістік тәжірибе өтеді. Алматы қаласының туристік объектілеріне және Алматы облысының МҰТП “Алтын сақинаға” ұзындығы 1500 км. бару

Өндірістік практиканы 4 курс студенттері туристік бағыттағы практика базаларында өтеді. Практикант-студенттер практикадан турфирмаларда кеңесші, менеджерлердің көмекшісі ретінде өтеді. Олар турфирмалардың басшысы мен қызметкерлерінің түрлі тапсырмаларын орындай отырып тәжірибе жинақтайды.

Дипломалды практика оқу процесінің міндетті бөлігі және оның негізгі мақсаты болып табылады: ЖОО-да оқу процесінде студенттің алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, туризм бойынша менеджер ретінде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын меңгеру.

5В090200 “Туризм” білім беру бағдарламасы аясында практика базалары бойынша негізгі серіктестері болып табылады:

  • КазСТА-тың меншікті базалары (филиалдары): туризм залы, “Қаймар”, “Горельник”, “Қапшағай” туристік-спорт базалары.
  • Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТҚ).
  • Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (ҚҚҮмМҚ).
  • Республикалық, облыстық және қалалық “Альпинизм және жартасқа өрмелеу”, “Спорттық туризм және туристік көпсайыс”, “Спорттық туризм” федерациялары; Алматы қаласының жас туристер станциясы.
  • Туристік компаниялар: Complete Service, Sadmol, Silk Road Kazakhstan, ТОО «Asia mix travel», ТОО «Avia Hass Travel», Sadaf Travel, ТОО «Veters», «Khan Turan Travel», ТОО”United world”, ТОО «Almaty City Tour», ТОО «Атлас 1», ТОО «Salser Trevel», «Bonjartravel», «Silk tour», ТОО «Perfect traiding company, Sadmol», «Almaty City Tour».
  • «Место встречи» кафесі, «Артишок» бары, «Шынар», «The Noodles» мейрамханалары.

«Ритц Карлтон» қонақ үйі, «Көктем» санаториясы, «Rixos» қонақ үйі, «Айсер» қонақ үйі және басқалары.

горельник_compressed

Каймар._compressed

Close