6М010800 «Дене шынықтыру және спорт» Білім беру бағдарламасы бойынша

  • Педагогикалық практика (2 курс)
  • Зерттеу практикасы (2 курс)
  • Магистратураның 1 курсында өндірістік практика (бейінді бағыт)

Дене шынықтыру және спорт саласындағы магистрлерді даярлаудың оқу процесінің элементтерінің бірі педагогикалық практика болып табылады, оның мақсаты болашақ магистрлерді жалпы білім беру мекемелерінде, колледждерде, жоғары оқу орындарында білім беру процесін жүзеге асыруға дайындау болып табылады.

Практика Қазақ спорт және туризм академиясында бітіруші кафедраларда өткізіледі. Магистрант жетекшімен бірге сабақты өз бетінше өткізу және оны талдау үшін оқу пәнін таңдайды. Магистранттың практикадан өту барысындағы іс-әрекет түрлері бұл, теориялық ойлауды, жағдайдың стратегиялық көзқарасын қалыптастыру мен дамытуды, топты өз бетінше басқара алуды көздейді.

2018-2019 оқу жылында магистранттың зерттеу практикасы МЖБС-ға, жеке жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес ҚазСТА ғылыми-зерттеу спорт институтында жүргізіледі.

Зерттеу практикасы магистранттардың оқу үрдісінің бір элементі болып табылады, оның мақсаты нақты практикалық міндеттерді шешуде өзекті ғылыми мәселе бойынша зерттеу тәжірибесін алу болып табылады. Практикадан өту кезінде магистранттар келесі практика түрлерін жүзеге асырады: ғылыми мақала жазу үшін тақырып бойынша ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу; ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарын жасайды; қарастырылатын тақырыпты кешенді зерттеу жүргізеді.

Өндірістік практика Каркен Ахметов атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде және Алматы қаласының “Шаңырақ” шағын ауданындағы олимпиадалық резервтің республикалық мектеп-интернат-колледжінде өтеді. Практиканың мақсаты магистранттарды таңдап алған спорт түрі бойынша жаттықтырушының негізгі кәсіби міндеттерін өз бетінше және шығармашылық орындауға сапалы дайындауға ықпал ету болып табылады.

Республиканский колледж спорта )

Республиканский колледж спорта

Close