Тамыз айында ҰБТ-ға қалай өтініш беруге болады

Талапкерлердің назарына !!!

Тамыз айының 17-20 аралығында ҰБТ өткізіледі.

Тамыз айынының ҰБТ-не қатысу үшін тіркеу 25 шілде мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі.

Тамыз айының ҰБТ-не қатыса алады:

– ағымдық жылдың орта білім беру ұйымдарының түлектері;

– өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;

– шетелде халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша оқыған орта білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, оқу орындарын шетелде бітірген ұлты қазақ азамат түлектері;

– шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша және ақылы негізде білім беру бағдарламаларының басқа топтарына ауысқысы келетін ЖОО-ның білім алушылары:

– ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша ЖОО-на қабылданған ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған тұлғалар әрі қарай ақылы негізде ЖОО-на қабылдау үшін;

-маусым-шілде айларында ҰБТ-не жіберілмеген немесе нәтижелері жойылған және Наурызда ҰБТ-не қатысуға өтініш берген тұлғалар (тегін);

– наурызда ҰБТ – не қатысуға өтініш берген тұлғалар (тегін).

Түсушілерге өтініш беру тәсілдері.

Шілднеңің 25-нен бастап оқуға түсушілер ҰБТ-не өтініш бере алады:

2) немесе Академияның қабылдау комиссиясына жүгіну.

Тестілеу құны – 2242 теңге.

Өтініш берудің алдын ала рәсімі бойынша жасалған «Өтініш нөмірін» академияның жауапты хатшысына хабарлауы тиіс, сонда сіз өз ҰБТ рұқсат қағазыңызды ала аласыз.

ЖОО жауапты хатшыларының телефондары сілтемеде көрсетілген

http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=1861

Close