Главная » 2016 » Март » 24 » Жемісті келісімшарт
11:36
Жемісті келісімшарт
Наурыз айының 15 жұлдызында Қазақтың спорт және туризм академиясымен Қытайдың Ян Мин Ган қаласының Жалпы спорттық бірлестігі арасында келіссөз өтті.
Келіссөз барысында Қазақтың спорт дәне туризм академиясының тәрбие және бұқаралық спорт жөніндегі проректоры Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы: «Екі жақты ортақ жұмыс жоспарын құру керектігі» туралы Қытайдың Дене тәрбиесі академиясының басшысы Я Юн МИ мырза: «Болашақта атқарылатын ауқымды іс-шараларға тікелей ат салысатындығын" ескертті. Екі ел арасында жүргізілген кездесу нәтижесі – жемісті келісімшартқа қол қоюмен аяқталды.
Айта кетерлік жайт, аталмыщ келіссөздің басты мақсаты – екі ел арасында студенттік спорттың дамуына жол ашу. Келіссөзде футбол және бокстан жолдастық кездесулер өткізуді жоспарлады. Алдағы уақытта түрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру талқыланды. Сондай-ақ болашақта бапкерлер мен спортшылардың екі ел арасында еркін тәжірибе алмасуы қарастыралытындығын айтып өтті.

Просмотров: 196 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar