Главная » 2015 » Февраль » 27 » «Жасыл ел» студенттерді шақырады
11:24
«Жасыл ел» студенттерді шақырады

Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Қазақтың спорт және туризм академиясымен бірлесе, студенттік құрылыс және қаланы көгалдандыру – «Жасыл ел» жасақтары құрылуын бастады. Барша студенттерді еліміздің табиғатын қорғап, оның гүлденуіне ат салысуға шақырамыз!

«Жасыл ел» бағдарламасы – 2005 жылы Қазақстан Республикасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен қанат жайды. Жобаның мақсаты –жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Сонымен қоса, игі іс көмегімен еліміздегі жұмыссыздың мәселесін жою.

Қазіргі таңда бұндай жасақтар еліміздің түкпір-түкпірінде бой көтеріп, қала келбетін жақсартуда үлкен үлесін қосуда. Егер сіз, Алматымыздың гүлденіп, көркеюін қаласаңыз, онда бұл жолда өз үлесіңізді қосу әбден мүмкін! Қызықтырған және толық ақпаратты деканаттар мен жастар ісі жөніндегі комитеттен (11 кабинет) біле аласыздар. Жасыл ел мәңгілік ел болғай!

Мәдина ОРАЗОВА

Просмотров: 289 | Добавил: dimabest | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0