Главная » 2016 » Ноябрь » 22 » Жаңа оқу жылындағы жаңа бастамалар
14:48
Жаңа оқу жылындағы жаңа бастамалар

       5 қыркүйектегі ректорат мәжілісінде 2016-2017 оқу жылындағы білім беру үдерісінің сапасын арттыру шаралары туралы проректорлардың баяндамалары тыңдалды.

      Алдымен оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д.К. Нұрмұханбетова Академия жетістігін анықтайтын факторларға, оқу сапасын басқару жүйесіне, студенттердің сабаққа қатысу, қатыспауын қадағалау жағына баса назар аудару керектігін тілге тиек етті. Түлектердің жұмысқа орналасуын жақсарта түсу жолдарын қолға алынатынын айта кетті. Сонымен қатар Динара Кенжеқызы оқытушылардың құзыреттілігі, әсіресе, ағылшын тілінде сабақ жүргізетін ұстаздар өз біліктілігін арттырып отыруына көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Білім беру ісінде бірінші оқулық мәселесі тұратыны белгілі. Отырыста қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлық студенттерді оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды.

        Сондай-ақ «Platonus»-тың жұмыс барысын алдағы уақытта жақсарта түсу, ондағы жұмысты барынша оңтайландыру қолға алынатыны да сөз болды.

        Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе жөнінде  халықаралық байланыстар және дамыту жөніндегі проректор  Р. А. Дюсупова   2015-2016 оқу жылында академиялық ұтқырлық бойынша  Литва спорттық университетіне  2-курс студенті Мұхаметәлі Д., 3- курс студенті Бисембаева А., 3 - курс студенті Дәрібай А., 4-курс студенті Қайнарова С., 4-курс студенті Мухиддинов Е., сондай-ақ, Латвияға туризм факультетінің  магистранты Семей Айнаштың кеткендігі туралы айтып өтті. «Биылғы жылы да академиялық ұтқырлық бойынша  оқыту бағдарламасы өз жалғасын табады, болашақта студенттерді басқа да мемлекеттерге жібереміз деп алдымызға мақсат қойып отырмыз» - деп сөзін аяқтады  Роза Адылбекқызы.

       Тәрбие және бұқаралық спорт жұмыстары жөніндегі проректор  М. З.  Зайнолдаұлы өз сөзін бастамас бұрын Жастар ісі жөніндегі департаменттің жаңа басшысымен таныстырып, биылғы жылы ЖІЖД жұмыс жасауында біраз өзгерістер болатындығын, сондай-ақ алдағы «Дүниежүзілік қысқы универсиада» туралы айтып өтті.

 

                                                                                      

Категория: Новости | Просмотров: 144 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar