Главная » 2016 » Ноябрь » 22 » Қызықты көңіл, студенттік өмір!
10:30
Қызықты көңіл, студенттік өмір!

       Студенттік өмір - қиындығы мен қызығы қатар жүретін, адамның есте қалар ерекше кезеңі ғой.  Ал осы студенттік шақтың ең қызығы -  жатақхана. Мен Қазақ спорт және туризм академиясының 2-курс студентімін. Жатаханада бірінші курстан бастап тұрамын. Әрине, алғашында жатақханаға үйрене алмай жүрдім. Басында үйіме қайтқым келетін. Ал қазір өз үйімдей болып кетті. Бір бөлмеде 4 қыз тұрамыз, апалы-сіңлідей болып кеттік. Жатақханаға келу — менің таңдауым болды. Жатақханадан жаңа достар таптым, емтиханға да тобымдағы студенттер мен бірге дайындаламын. Аптасына кезекшілік кестесін жасаймыз, сол бойынша ас дайындап, бөлмені жинаймыз. Жатаханамыз қаланың орталығында орналасқан, оқуыма, кітапханаға, стадионға және жаттығатын залдарыма да жақын. Алматының кептелісіне тұрмай, қалаған жеріме лезде жетемін. Қаржы жағынанда үнемді. Жолыма ақша кетпейді, пәтер жалдап тұрғаннан әлде қайда арзан. Студенттердің жайлы тұруына тамаша мүмкіндіктер жасалған: қажетті жиһаз, жарық та жайлы бөлмелер, ас үй, кір жуатын бөлме, душқа арнлаған бөлме, оқу залы, медициналық пункт, ғаламтор бөлмесі, Wi-Fi  бар. Қысқасы, мұнда сабақты үздік оқуға барлық жағдай жасалған. Бірақ студенттер үйінің тұрғыны арнайы ереже-тәртіпке бағынуы тиіс.

        Академия басшылығы студенттер үйінің  тұрмыстық жағдайын жақсартуы бойынша жұмыс жасап келеді. Биылғы жылы №4 студенттер үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жасалды.

        Әр жыл сайын жатақхана тұрғындары өз курстастары арасынан Студенттік кеңестің төрайымын таңдайды. Студенттік кеңес төрайымы студенттер мен әкімшілік арасын байланыстырушы буын ретінде жұмыс жасайды.

       Екінші анамыздай болып кеткен  вахтерша апайларымыз Сәуле апай, Роза апай, Гулья апай және комендантымыз Айман апайымызға алғысымыз шексіз. Себебі, ол кісілер біз жатақхана есігін аттағалы бері бізге өз балаларындай қарап, ақыл айтумен, тәрбиелеумен келеді. Бізді туған балаларындай көреді және көмектерін еш уақытта аямайды. Бізге осындай көзқарас танытқаны үшін басымызды иеміз және алғыс білдіреміз!

 

Алтынай Жанғазы, КСжәнеЖЖФ 2-5

Категория: Новости | Просмотров: 111 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar