Главная » 2016 » Декабрь » 13 » Волейболдан КазСТА біріншілігі өтті
11:49
Волейболдан КазСТА біріншілігі өтті

Қазақ спорт және туризм академиясының спорттық ойындар кафедрасының бастамасымен волейболдан КазСТА біріншілігі өтті.  Тартысты ойында академияның нәзік жандылары мен ерлер командасы бақ сынасты.

     Бүгінгі таңда академия волейболшылары талай түрлі жарыстарға қатысып, ел мерейін асқақтатып жүр. Желтоқсанның екісі күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚазСТА студенттері арасында волейбол турнирі өтті. Айналмалы жүйе бойынша өткен бәсекеде қыздар арасында  1-курс студенттерінен құралған «Феникс» тобы ІІІ орынды місе тұтты. Ал өздерін «331 команда» деп атаған 2 курс студент-қыздары жеңіске бір табан жетпей қалды. Олар екінші орын иеленді. Ал 4 курстан құралған «Олимп» командасы атына заты сай болып, жеңіс жолында аянбай тартысты ойын көрсетті. Қарсылақ шақ келтірмеген «Олимп» волейболшы қыздары жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Ал жігіттер арасындағы волейбол турниріне 12 команда қатысты. Олар айналмалы жүйе бойынша бас жүлдені сарапқа салды. Өзара 3 топқа бөлінген волейболшылар арасынан А тобынан «Смурфики», Б тобынан «Райымбек», В тобынан «Ұшқын» командалары оза шапты. Осы үштік енді айналмалы ойында өзара ең мықтыны анықтады. Сонымен, 4 курс студенттерінен құралған «Смурфики» жігіттер командасы қола жүлдегер атанса, ал «Ұшқын» командасы ІІ орынға тұрақтады. Ал «Райымбек» құрамысының жігіттері алтыннан алқа тағынып, турнир жеңімпазы атанды.

 

 

Категория: Новости | Просмотров: 86 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar