Главная » 2016 » Январь » 18 » вице-чемпион Қазақтың спорт және туризм академиясы «Номад» құрамасы
12:32
вице-чемпион Қазақтың спорт және туризм академиясы «Номад» құрамасы

2015 жыл «Номад» құрамасы үшін табысты жыл болды деп айтуға әбден болады. Себебі, өткен жылы біздің команда үлкен нәтиже көрсете білді. Яғни, Павлодар қаласында, Халықаралық КВН одағының ұйымдастыруымен өткен, АМиК-тың (Александр Масляков и компания) «Иртыш» атты аймақтық лигасының финалына дейін жетіп, вице-чемпион атануы үлкен еңбектің көрсеткіші. Финалдық ойын 20 желтоқсан күні Естай атындағы мәдениет үйінде өтті. Ойын өте тартысты болды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік, тәжірибелі 7 команда қатысты. Олар: «Павлодар Жастар Құрамасы» Павлодар, «Молодежный формат» Өскемен, «Успенка CITY» Павлодар, «Сборная ЕНУ» Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Астана, «Альбатроссы» Өскемен, «FRESH» Туран университетінің құрамасы Алматы, және де Қазақтың спорт және туризм академиясының намысын қорғаған «Номад» құрамасы. Осыған дейінгі ¼, ½  ойындарында «Номад» құрамасы сүрінбей 1 орынмен өткен болатын.

Ал енді финалдық бәсеке жайында толығырақ айтып кететін болсақ, ойын 3 конкурстан тұрды. Олар: сәлемдесу, триатлон және музыкалды фристайл. Сәлемдесуге ереже бойынша 5 минут уақыт берілген болатын. Әдеттегідей, Номад құрамасы керемет, драйвты ойын көрсете отырып, көрерменге езу жимас күлкі сыйлады. Екінші конкурстың атауы триатлон, яғни осыған дейінгі өткен 2 бөлек ширату мен биатлон конкурстарының бірігіп, толық 1 ұпаймен есептелуі. Триатлон конкурсының ерекшелігі - ең бірінші ширату өтеді. Ширату сайысының ережесі бойынша бірінші барлық командалар өздерінің дайын сұрақтарын қояды. Жауап берген команданың ішінде кімнің импровизациялық әзіл-жауабының деңгейі төменірек, конкурстан шығып кетеді. Биатлонға ары қарай қалған 6 команданың капитандары қатысады, яғни 3 жұп. Әр жұп 2 әзілден оқып, әдеттегідей әзілі төмен болған әр жұптың адамы қош айтысады. Номад құрамасы осы конкурстың финалына дейін жетіп 0,9 балды иеленді.

Әрі қарай музыкалды фристайл сайысы - әнмен әзілдеу. Барлық командалар өте жоғары дайындықпен келгенін дәлелдей білді. Оның айғағы алып келген реквизиттері мен костюмдері, ән, би әзілдері. Өйткені бұл ең соңғы шешуші, негізгі сайыс болатын. Бұл сайысқа да құрамамыз ерекше өнер көрсетіп, таңғалдырып, тамсандыра білді. Ерекшелігі, басқа командалар музыканың минусымен әндетсе, Номад құрамасы өздерімен алып келген аспаптары мен жанды ойнады. Яғни, синтезатор, барабан, гитара сияқты аспаптарын қолданып өнер көрсетуі еді. Бұл конкурсты, шешуші екенін түсіне отырып, қолдау көрсеткені үшін, Академиямыздың ректоры Бауыржан Қайратұлының көмегінің арқасында жеңіп шықтық десек артық айтпаймыз. Себебі, Бауыржан Қайратұлы біздің ұсынысымызды жерге тастамай, арнайы музыкалды фристай конкурсы үшін Yamaha синтезаторын сатып алу мәселесін қарастырып, өз көмегін тигізді. Номад құрамасы бұл конкурста көрермендер мен қазылар алқасына мықты екенін тағыда дәлелдей түсті. Ойын соңында қалыптасқан дәстүр бойынша барлық командалар сахнаға шықты. Соңғы сөз әрине, қазылар алқасында. Кім чемпион екені қатысушыларға да, көрермендерге де жұмбақ. Айта кетсек, чемпион команда, Халықаралық КВН Одағының ұйымдастыруымен, Сочи қаласында өтетін 2016 жылдың маусымашар фестивалінде, чемпиондар кубогыне қатысады. Ендеше қазылар өз шешімдерін жариялады, ойын қорытындысы бойынша 3 орын «Павлодар Жастар құрамасы», вице-чемпион Қазақтың спорт және туризм академиясы «Номад» құрамасы, және де чемпион Туран университеті «FRESH».  Құттықтаймыз!

Номад құрамасы құрылғалы бері, қолдау көрсеткені үшін, ең бірінші Академиямыздың Президенті Закирьянов Қайрат Қайруллинұлына, Академия ректоры PHD докторы Закирьянов Бауыржан Қайратұлына және де проректоры Мұхтар Зайнолдаұлына алғысымызды білдіреміз! Спортшылар тек спорт саласында ғана емес, сонымен қатар интеллектуалды жағынан да өздерін биік көрсете алады. Академияның иммиджін осы салада көтеруге біз бар күшімізді саламыз. Алдағы уақытта, «Номад» құрамасы осындай жандардың қолдауының арқасында талай жеңістерге жетеді деген үмітеміз, біз оған нық сенімдіміз! Рахмет!!!

Просмотров: 265 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar