Главная » 2017 » Январь » 31 » Универсиада. Алина алғашқы алтынға қол жеткізді
14:58
Универсиада. Алина алғашқы алтынға қол жеткізді

Бүгін Қазақстан спортшыларының қоржынына алғашқы алтын медал түсті. Оның иесі – биатлоншы қыз Қазақ спорт және туризм академиясының 2 курс магистранты Алина Райкова. Ол 15 шақырымдық жекелей сында топ жарды.

Биатлоншы бойжеткен екі рет мүлт кетсе де, уақытты ұтып, 59 минут 48,7 секунд нәтижесімен топ бастады. Оның артынан екінші болып мәреге жеткен тағы бір отандасымыз – Галина Вишневская күміс медалға иелік етіп, Қазақстан спортшыларының жалпы көрсеткішін бес медалға жеткізді. Жарыстың бұл түрінен үшінші орын – украиналық Надя Белкинаға бұйырды.

Категория: Новости | Просмотров: 89 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar