Главная » 2016 » Апрель » 12 » «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында кездесу өтті.
16:05
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында кездесу өтті.

          Еліміздің өз тәуелсіздігін жарияланғаннан бастап алғашқы күннен мықтап қолға алған маңызды шаралардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Президент Н.Ә.Назарбаев бұл кеселді дертті болдырмаудың амалын қарастыру, оны түп тамырымен жою жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтқан болатын. Осы тақырып бойынша ой бөлісу мақсатында  сәуірдің  7 күні Қазақтың спорт және турим академиясының студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес» тақырыбында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.

Шараның мақсаты: болашақ жастардың құқықтық санасын, моральдық мінез-құлқын қалыптастыру, мемлекет заңдарын білуге және құрметтеуге үйрету, құқық бұзушылықтың алдын-алу, азаматтық жауапкершілікті күшейту. Бұл іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу туралы мәліметтерге тоқталып өтті.

 

 

                                          

Категория: Новости | Просмотров: 444 | Добавил: Mara | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar