Главная » 2016 » Май » 23 » «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ – 2016» атты талантты студенттердің дәстүрлі фестивалі өтті
15:53
«СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ – 2016» атты талантты студенттердің дәстүрлі фестивалі өтті

20 мамыр  күні Қазақ спорт және туризм академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған  «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ – 2016» атты талантты студенттердің дәстүрлі фестивалі өткізілді. Фестивальді ұйымдастырушылар – жастар ісі жөніндегі департамент. Фестиваль мақсаты – академияның студент жастарының мәдени және адамгершілік потенциалын жетілдіру мен сақтау, жастарда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілік, отансүйгіштік сезім, мемлекеттік жастар саясаты саласында жоғарғы адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін, бастапқылық пен міндеттерді жетілдіру. Фестивальға 3 факультеттің 100ден аса  студенттері қатысты. Әр студент өздерінің өнерлерін көрсеткен керемет кеш болды. Кеш соңында Академия Президенті Қ.Қ. Закирьянов Академияның қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне бар ынтасымен  қатысып жүрген белсенді студенттерді марапаттады. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Спорт шебері» газетінің ұйымдастыруымен өткен «Менің Академиям-менің мақтанышым» атты шығармалар байқауының жеңімпаздарында марапаттап,  бағалы силықтар табыстады.

 

 

 

Категория: Новости | Просмотров: 198 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar