Главная » 2016 » Ноябрь » 22 » Студенттермен дәстүрлі кездесу
10:20
Студенттермен дәстүрлі кездесу

  Қазақ спорт және туризм академиясында соңғы жылдары  жақсы дәстүр қалыптасқан. Ол оқу жылы басында академия Президенті 1 курс студенттерімен  кездесіп,  әңгіме-сұхбаттың ашық алаңын қалыптастыру. Осындай жанға шуақ, көңілге қуат сыйлар басқосу қазан айының 6  күні акт залда өтті. Қайрат Қайроллаұлы студенттердің өміріне азық болар әдемі әңгіме сыйлады.

        Оқу орны басшысы оқу жылында кемінде 2 рет ресми кездесу өткізіп, студенттердің оқу үлгерімдері мен тәртібіне қатысты мәселелер төңірегінде ашық әңгіме алаңын ұйымдастырып, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап береді.

       Кездесу барысында Президент академия  студенттерінің білім, ғылым, спорт салаларындағы жетістіктеріне ерекше тоқталып, Республикалық, халықаралық және республиканың әр аймағында өткен пәндік олимпиадалар мен, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жүлделі орын алған факультет командаларымен және ауыр атлетика, самбо, еркін күрес, аэробикадан халықаралық, республикалық жүлдегерлердің есімдерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар жиын барысында атан-ананың тәрбиесін, мамандық алуға жұмсап жатқан қаражаттары мен күштерін ақтау үшін оқу орнында жасалып жатқан мүмкіндіктер мен жағдайларды барынша пайдалануға, көп оқып, әрдайым ізденісте болуға шақырды.

         Сонымен қатар мемлекеттік және халықаралық аккредиттелген мамандықтар туралы, қос дипломдық бағдарлама мен халықаралық білім беру мектебі, дуальді оқыту жүйелері туралы толық мағлұмат беріп өтті. Шет тілдерін меңгеріп, қос дипломды бағдарламаның игілігін дер кезінде пайдалануға кеңес берді. Себебі еуропалық сападағы білім алып, халықаралық деңгейдегі маман атану – қоғам талабы. Студенттік жылдарда сапалы білім алуға ұмтылу қажет екендігін жіті түсіндірді.

        Ашық-жарқын әңгіме барысында жастар өз ойларын іркіп қалмай, әдемі де әсерлі жеткізе білді.

1 курс студенттері Академия президентімен өткен кездесуден алған әсерлерімен бөліскен еді:

      Мен Төлеген Ұлжалғас 1 курс студентімін. Біз жақында академиямыздың Президенті Қ.Қ.Закирьяновпен кездестік.  Кездесу барысында біз таңдаған оқу орнының тарихы, осыған дейін жеткен жетістіктерімен таныстық. Жалпы 1 курс студенттері білмегенімізді естіп-біліп, бар жақсы айтылған сөздерді көкейімізге түйдік. Президентпен кездесу өте әсерлі, есте қалатындай болды. Себебі, әрбір студент сол кісі сынды білімді, мәдениетті, ел мен жер көргісі келеді. Басшымыз өзінің қиында қуанышты өмірін және академиямыздың тарихын айтып өткенде, Біз, яғни, студенттер «Әлемнің ең үздік оқу орны», қазақ спортының қара шаңырағы ҚазСТА – ға түскенімізге мақтанып қалдық.

Төлеген Ұлжалғас, ОСФ 1-7

 

Бүгінде бұл есімді көптің бірі тани біледі. Бұл кісі біздің академияның тарихын жасаған деуге де болады, өйткені осы күнге дейінгі барлық жеңістерімізбен жетістіктерімізге осы кісінің арқасында жетіп отырмыз. Бұл кісімен кездесу барысында бұл кісі туралы және де академия туралы көптеген мағлұматтарды алдым. Біздің академия 70 жылдың ішінде 20мыңнан астам маман даярлап шықты. Айта кетсек қазақтың спорт және туризм академиясы 1944 жылы 14 қарашада құрылған. Қайрат Қайроллаұлы Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Қысқы Универсиаданы өткізгелі жатыр. Бұл жарыстар өзінің масштабы бойынша оллимпиада ойындарынан кейінгі екінші орынды алады. Бұл тұлғамен болған кездесуге қатысқаныма өте қуаныштымын.

 ФОС 1-7: Даркенбаева Бибінұр

    Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылықпен игілікті іс жасау үлкен адамгершіліктің белгісі. Басқа адамдарға  көмектесіп жүрген көптеген адал жандар бар. Сол жандардың бірі - Қазақ спорт және туризм академиясының                             президенті – Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов. Олай айтуымның себебі, ол кісі осы академияға еңбегі сіңген бірден бір қайраткер. Осы академияға Президент болғалы барын салып, тер төгіп, аянбай қызмет жасап, студенттердің білікті маман болып шығуына баса назар аударып жүрген жан.                                                                                                                                                                  

       Қайрат Закирьянов – өте адал жан. Себебі, өзінің адал жарына арнап Марзия Закирьянова атындағы сауықтыру клубын ашты. Жыл сайын сол сауықтыру клубына еңбегі сіңген жандарды марапаттайды. Сонымен қатар ол кісі жыл сайын «Ең үздік студент» атты марапат тағайындайды.

       «Сәттілік – қолыңнан не келетінін көрсетеді, ал сәтсіздік – құныңның қаншаға тұратынын көрсетеді»  - деген Қайрат Закирьянов бір сөзінде. Сондықтан осындай керемет кездесуді өткізгені үшін алғысымды айтамын.

 МІМБ 1-1 : Байманова Ботагөз

6 октября состоялась первая встреча первокурсников с президентом Казахской Академии спорта и туризма Закирьяновым Кайратом Кайруллиновичем. Я считаю, что эта встреча была незабываемой и памятной для каждого студента присутствовавшего на ней. Беседа Президента с первокурсниками была настолько увлекательной, познавательной и мотивирующей, что каждое его слово вдохновляло нас.

      На этой встрече президент рассказал все об Академии с самого ее образования и до сегодняшнего дня, как бывший КазИФК постепенно развивался, достигал вершин и удостоился звания Казахской Академии спорта и туризма. Он рассказывал какие личности учились в нашей академии, личности которые вложили огромные усилия в становлении академии. Помимо всего, Кайрат Кайруллинович рассказал о себе,  о его безумно-насыщенной жизни, о том, какой ему пришлось преодолеть путь, чтобы добиться всего того, чего достиг. Он поистине необыкновенный человек, он-лидер.

     Я считаю, что наша академия получила статус "Лучшего Университета мира 2015" благодаря нашему Президенту, благодаря его разумной политики. Многие первокурсники узнали, что Всемирная 28-ая Зимняя Универсиада будет проходить тоже благодаря нашему президенту Кайрату Кайруллиновичу.

        Прошло не так много времени, как мы стали студентами Казахской Академии спорта и туризма, но уже с самых первых дней мы чувствовали поддержку со стороны руководства академии.

        Я очень рада, что поступила именно в этот вуз и ношу гордое звание студента Казахской Академии спорта и туризма. Я люблю КазАСТ!

Нарбаева Элиза,

 

 ҚазСТА медиа орталы

Категория: Новости | Просмотров: 76 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar