Главная » 2016 » Ноябрь » 22 » «SKALA OPEN» спорттық құзға өрмелеу жарысы
10:24
«SKALA OPEN» спорттық құзға өрмелеу жарысы

Алматы қаласының күніне орай, қыркүйек айының 24-25 күндері Алматы қаласының «SKALA» скаладромында, «SKALA OPEN» құзға өрмелеу спорттық жарысы жасөспірімдер арасында өтті. Бұл жарысқа 100-ге жуық жасөспірімдер арасындағы спортшылар қатысты. Барлығыда бір-бірінен өткен шебер болды. Академиямыздың Қазақ денешынықтыру, туризм және сервис колледжінен «Туризм» мамандығының 4 курс студенті Николенко Ангелина өзінің бағын сынап, осы құзға өрмелеу спорттық жарысына қатысты. Ол шеберлігін 1998-2001 жылдар аралығындағы жасөспірмдердің арасында көрсетіп, «қиындық» кезеңі бойынша I орынға иеленсе, ал «жылдамдық» кезеңінде II орынды жеңіп алды. Ангелинаны жеңісімен құттықтаймыз! Жас болсада өзінің қайсар мінезімен, алға қойған мақсатына жетуді көздеген Ангелинаға: «осы алған бетіңнен қайтпай, қиындықтарға еш мойымай, биік-биік белестерді бағындыруыңа тілектеспіз демекпіз. Сенің жеңісің біздің де жеңісіміз!».

Туризм факультетінің магистрі, оқытушысы  Турсагулов Б.Б.

Категория: Новости | Просмотров: 89 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar