Главная » 2016 » Сентябрь » 5 » Рио Олимпиадасының чемпионы - Қазақ спорт және туризм академиясының студенті
12:18
Рио Олимпиадасының чемпионы - Қазақ спорт және туризм академиясының студенті

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының бесінші күні Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салған ауыратлет Ниджат Рахимов 1993 жылы 13 тамызда Әзірбайжанның Баку қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Қазақ спорт және туризм академиясының 3 курс студенті. Ниджаттың осыған дейін де спортта жеткен жетістіктері аз емес. Ол 2010 жылғы мамыр айында Валенсияда жасөспірімдер арасында өткен Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде 290 кг нәтижесімен бірінші орын иеленді. 2010 жылғы 17 тамызда Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиадада жеңімпаз атанды. Жаттықтырушысы екі дүркін Әлем чемпионы Низами Пашаев болатын. 2014 жылды тамыз айында Ниджат Ұлттық құраманың атынан өнер көрсетуге келісіп, Қазақстан азаматтығын алды. Екі жылдық дисквалификация аяқталған соң, Рахимов Қытайда өткен Гран-при жарысында алғаш рет Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсетіп, 85 келіге дейінгі салмақ санатында  4-ші орынды иеленді. 2015 жылы қарашада Хьюстондағы Әлем чемпионатында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы сапында Әлем чемпионы атанды. АҚШ жерінде Рахимов серпе көтеруде қоссайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетті.

Мемлекет басшысы ауыр атлетика сайысында алтын медаль иеленген Академия студенті Н.Рахимовты құттықтау жеделхатын жолдады.«Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын күресте мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі. Еске сала кетсек, Рио-де-Жанейрода 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Қазақ спорт және туризм академиясының 3 курс студенті Нижат Рахимов қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 келі нәтижемен алтын жүлдеге ие болып чемпион атанды. Чемпион атанып қана қоймай, серпе жаттығуда әлем рекордын жаңартты.

Категория: СОБЫТИЯ | Просмотров: 547 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar