Главная » 2017 » Февраль » 21 » ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде "Қазақстан спортыныӊ тарихы" атты көрменіӊ ашылуы өтті
12:27
ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде "Қазақстан спортыныӊ тарихы" атты көрменіӊ ашылуы өтті

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Қазақ спорт және туризм академиясы мен ҚР Мемлекеттік Орталық музейі бірлесе отырып XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға орайластырылған "Қазақстан спортыныӊ тарихы" атты көрме өткізді. Көрмені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорыныӊ орынбасары Қақабаев Бейбітқали Смағұлұлы ашты. Елімізде XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданыӊ өтуі және Қазақстанныӊ ТМД елдерініӊ ішінде еӊ алғашқы болып осы қысқы Универсиаданы өткізуі - бүгінгі Егемен Қазақстанныӊ спорттық державалар алдында спорт саласында үлкен нәтижелерге жеткенін мойындатып, зор беделге ие болып отырғандығыныӊ дәлелі. Көрменіӊ ашылуына құрметті қонақ ретінде - грек-рим күресініӊ палуаны, Халықаралық спорт шебері, КСРО-ға Еӊбегі сіӊген спорт шебері, қазақтан шыққан тұӊғыш Олимпиада чемпионы және Әлем чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров, Қазақстандағы алғашқы КСРО-ға Еӊбегі сіӊген спорт жаттықтырушысы, биология ғылымдарыныӊ кандидаты, профессор Хван Май Ундеевич, Қазақ КСР-іне Еӊбегі сіӊген спорт жаттықтырушысы, Самбодан алғашқы қазақстандық халықаралық дәрежедегі төреші, профессор, кәсіпқой спорт және жекпе-жек факультеті, күрес кафедрасыныӊ меӊгерушісі Шепетюк Михаил Николаевич сөз алды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Мәдени-білім жұмысы орталығыныӊ музейлік педагогика секторы қызметкерлері Алматы қаласындағы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға арналған музей қорыныӊ коллекциясы негізінде құрылған "Қазақстан спортыныӊ тарихы" көрмесі аясында оқушылар мен студенттерге қазақ және орыс тілдерінде мәдени-білім беру бағдарламасын әзірледі. Мақсаты - Қазақстан спортыныӊ даму тарихымен таныстыру мен отандық спортшылардыӊ жетістіктерін насихаттау.

 

 

Категория: Новости | Просмотров: 54 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar