Главная » 2016 » Ноябрь » 18 » «НОМАД» және «ТОМИРИС» КВН командалары ұйымдастырған «Квартирник»
12:27
«НОМАД» және «ТОМИРИС» КВН командалары ұйымдастырған «Квартирник»

        2016 жылдың қазан айының 25 күні Қазақ Спорт және Туризм Академиясында «НОМАД» және «ТОМИРИС»  көңілді тапқырлар клубы бірігіп «Квартирник» ұйымдастырды.

       Сайысты ұйымдастырушы Жастар ісі жөніндегі департамент басшысы Абдинур Сұлтанғалиевтің  айтуынша, бұл  ойынының мақсаты – жастардың дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып, заманмен қатар даму арқылы өмірде өз орнын таба білуге баулу. Қазақша квн  ойындарының басты ерекшелігі – өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамда болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. 

       Додаға академиямыздың белсенді жастарынан құралған 4 команда «НАЙМАНДАР», «ОРЕО», «БРАВО», «GOLD»  қатысты.        Кешіміздің басын акдемиямыздың түлегі, «Қазақ – Рэп» өнерін дәріптеуші, әнші Алишер Бурханов ашып берді. 

         Қазылар алқасы көрермендердің көңілінен шыққан қатысушылардың ойындарын жоғары бағалады. Кештің қазылар алқасы мүшелері: ҚазСТА тәрбие және спорттық-бұқаралық жұмыс жөніндегі проректоры Мұхтар Зайнолдаұлы Есқалиев,   «Жайдарман – Алматы» филиялының директоры, автор, актер   Оңдасын Құлымбетов мырза, тележүргізуші, актриса Қазына Әбдіғаппар, қазақ эстрадасында енді қадам басып келе жатқан жас әнші қызымыз Дана Кентай.

       Қатысушы командалардың әзілдері әртүрлі өзекті тақырыптарды қозғады. Ойыншылар Қазақтың хандарын, оқу процесі кезіндегі қызықты оқиғаларды, қыз бен жігіттің сөйлесуі, әлеуметтік желі, махаббат тақырыптарын әзілге салып, көрермендерге күлкі сыйлады.
Финалдық ойының қорытындысы бойынша, қазылар алқасы жеңімпаз командаларды анықтады. Сонымен, I орынды  «ОРЕО» командасы, командасы жеңіп алса, II орынды «GOLD» командасы иеленді, ал III орын «БРАВО» командасы, ІV орын «НАЙМАНДАР»  құрамасына бұйырды.

         Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша академиямыздың 4 курс студенті Нұрғали Орынғалиев, «Үздік хабарлаушы» номинациясы бойынша академиямыздың 1 курс студенті Арайлым Әуелхан ие болды. Қазылар алқасының құрамында: 

         Осы өткен іс шараға «ЖАСНАР» жайдарман тобының мүшесі, актер Зиябек Жомарт және қазақша КВН ойындарының майталманы ,«Көз тимесін» командасының ойыншысы, актер, сценарист Марат Достаев кеш қонағы болды. «Квартирник» ҚазСТА акт залында өтіп, барша студенттер көрермен болды. Кешіміздің жүргізушісі көңілді тапқырлар клубының жетекшісі Абдинұр Сұлтанғалиев болды.

Категория: Новости | Просмотров: 146 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar