Главная » 2016 » Март » 25 » Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.
13:28
Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

            Міне, 5 мың жылдан астам уақыт бойы көктемгі күн мен түннің теңелген күні 22 наурызда әлемдегі ежелгі мейрамдардың бірі – Наурыз тойланып келеді. Жаңа жыл жақсы өту үшін, оны дұрыс қарсы алу керектігіне ата-бабамыз сенген болатын. Наурызға дәстүрлі дайындық мейрамға дейін бір апта бұрын басталады. Осы уақытта көктемді жақсы көңіл-күймен қарсы алу үшін біз тек үй-жайларымызды ғана емес, сондай-ақ ойларымызды да ретке келтіреміз. Әр күн – жаңа жыл жолындағы кезекті баспалдақ деп саналатын. Осындай Ұлық мейрам Ұлыстың Ұлы күнін Қазақтың спорт және туризм академиясының ұжымы да ерекше сән-салтанатымен дүркірете думандатты. Мерекелік жиынға жиылған жұртшылықтың қарасы қалың. Ауа райы аса қолайлы да болған жоқ: жаңбыр сіркіреп, жел соғып тұрды. Дегенмен, күннің салқындығы мерекелік көңіл-күйге қаяу түсіре алмағандай.
        Ұжымының қуанышына ортақтаспаққа академия Президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы сахна төріне көтерілді. Ол өз сөзінде көктемнің ең көркем де асқақ мәртебелі мерекесімен шын жүректен құттықтады. Мейрамның басты кейіпкері Қыдыр ата да дүйім елді аузына қаратып, қос білегін көтеріп, ақ батасын жолдады. Сөйтіп, Наурыз мерекесі тынымсыз еңбек етіп Академия ұжымының айта жүретін қызықты мерекесіне айналды.

 

                            

 

                            

 

                               

 

                    

 

 

 

 

Просмотров: 241 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar