Главная » 2017 » Январь » 13 » «Мектептерде дене шынықтыру пәнін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» атты Республикалық оқу-әдістемелік семинар өтті.
13:23
«Мектептерде дене шынықтыру пәнін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» атты Республикалық оқу-әдістемелік семинар өтті.

      Елдің денсаулығы, өскелең ұрпақ денсаулығымен сипатталады. Жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруда,  мұғалім маңызды рөл атқарады. Мұғалім жалпы адамның мәдени құндылықтарын қалыптастыруға көп күш жұмсайды, соның ішінде денсаулық заманауи педагогикада басты ұстаным болып табылады.

      Осы орайда, Қазақ спорт және туризм академиясы, Республикалық «Спорт жұлдыздары» ғылыми-әдістемелік журналы және «Қос аққу» Әлия-Мәншүк спорттық-патриоттық клубы бірлесе отырып, қаңтар айының 5 мен 7 аралығында  «Мектептерде дене шынықтыру пәнін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» атты дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық оқу-әдістемелік семинар өтті.

       Семинардың мақсаты – жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға, олардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал ететін дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің беделін арттыру, олардың озық іс-тәжірибелерін кең көлемде насихаттау және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің біліктілігін және олардың осы семинар арқылы санаттарын көтеру.

      Семинар тақырыбы мына мәселелерді қамтыды: дене шынықтыру сабақтарындағы инновациялық технологияларды енгізу жолдары, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дене шынықтыру пәнін оқытудың ерекшеліктерін талдау, мұғалімдердің ақпараттық коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру. Қатысушыларға Академия профессорлары дәрістер оқып, мастер-класстар көрсетті.

      Аталған шараға құрметті қонақ ретінде Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраймов, Назым Қызайбай, Нұрбақыт Теңізбаев, Раушан Қойшыбаева, Ардақ Назаровтар қатысты.

 

 

Категория: Новости | Просмотров: 197 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar