Главная » 2016 » Июнь » 14 » Маусым айының 13 күні Қазақ спорт және туризм академиясында ерекше монументтің ашылу салтанаты өтті.
12:04
Маусым айының 13 күні Қазақ спорт және туризм академиясында ерекше монументтің ашылу салтанаты өтті.

Маусым айының 13 күні Қазақ спорт және туризм академиясында ерекше монументтің ашылу салтанаты өтті.  2015 жылы 12 шілдеде Қазақ спорт және туризм академиясының білім беру жүйесі, спортта жеткен жетістіктері ескеріле отырып  Университеттік спорттың халықаралық федерациясы (FISU) Кореяның Кванджу қаласында Академияға «Әлемнің ең үздік университеті» атағын беріп және мүсіншемен марапаттаған болатын. Сол мүсінше Академияның оқу ғимаратының алдына үлкейтіле отырып, бой көтерді. Қазақ спорт және туризм академиясы, дене тәрбиесі мен спорт саласы бойынша  ҚР 71 жылдық тарихы бар ең үлкен жоғары оқу орны. Бұрынғы аты Қазақ дене тәрбиесі институты, Халық комиссарлар кеңесінің 1944 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен ашылған, ал ҚР үкіметінің 1998 жылғы Қаулысымен Қазақ спорт және туризм академиясы  болып өзгертілген.

         Қазақ спортының қара шаңырағы Қазақ спорт және туризм академиясының ғылым мен білімде, спортта жеткен жетістіктері аз емес. Академия 28 Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарған. Түлектері Олимпиялық ойындарда 32 алтын, 22 күміс, 4 қола медальдарға ие болды. Сондай-ақ, атақтары әлемге танымал А. Колесов, В. Резанцев, Д.Тұрлыханов, Ш. Серіков, И. Валетов, Т. Досымбетов, В. Минеев, A. Парыгин, В. Кравченко, О. Антропов, О. Кривошева, Е. Чебукина, А. Ким, В. Люкин, Ж. Сауранбаев, В. Тихоненко, И. Герлиц, О. Шишигина, Е. Ибраймов, И. Илин, Я. Шведова, Н. Қызайбай, Д. Шакимова, Ж. Қыдырбаев сияқты спортшыларды тәрбиелеп шығарған оқу орны. Одан бертін келе 2015 жылы Алматы қаласында өткен республикалық қысқы универсиадада  Академия студенттері 1 орын алды және  Рио Олимпиадасына 8 студентіміз жолдама иеленді.

         Академияның Президенті Қ.Қ. Закирьянов республикалық студенттік спорт одағының Президенті және Университеттік спорттың халықаралық федерациясындаа (FISU) асессор.

     

     

     

         

 

Категория: Новости | Просмотров: 545 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar