Главная » 2016 » Май » 16 » Мамыр айының 14 күні Қазақ спорт және туризм академиясында Жер мәселесіне байланысты жиын өтті
10:42
Мамыр айының 14 күні Қазақ спорт және туризм академиясында Жер мәселесіне байланысты жиын өтті

          Мамыр айының 14 күні Қазақ спорт және туризм академиясында Жер мәселесіне байланысты жиын өтті. Аталған жиында Мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлы Арыстанбек, Олимпиада чемпионы Ермахан Сағиұлы Ибраймов, академия президенті Қайрат Қайроллаұлымен қатар оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Сөз басын Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Жер мәселесі — қазіргі уақытта Қазақстанда ең кең талқыланып жатқан тақырып. Әлеуметтік желілерде Жер кодексінің жерді сату мен жалға беруді реттейтін нормаларына қатысты жазбалар мен пікірлер көп. Бүгінде әлеуметтік желілерде түрлі талқылаулар жүріп жатыр. Әрине, түсіністікпен қараймыз. Адамдар уайымдап жатыр, құқықтық сауатының аздығынан болар, бұл мәселеде толық мәліметі жоқ, сондықтан заңымыздың нормаларын соңына дейін түсінбеген шығар. Әлде олар шын мәнінде солай болып жатыр деген қауесетке сенеді. Адамдар сұрақ қоя бастайды, яғни уайымдайды. Біз заңның нормаларын түсіндіргіміз келеді, шетелдік жеке тұлғаға немесе шетелдік компанияларға жер сату туралы форма жоқ және ешқашан болмайды. Сондықтан арандатушы адамдардың артына еріп тыныш, бейбіт жатқан елімізді дүрліктірмейік. Біздің берекелі елімізді көре алмайтындар өте көп. Дәл осы уақытты пайдаланып әртүрлі жиындарға шақырып, мамыр айының 21 күні бейбіт шеруге шығайық деп жүрген хабарламалар қазір таратылып жатыр. Ондайларға сенбеңіздер. Тағы да қайталап айтамын, уайымын білдіріп отырған адамдарды түсінемін. Егер олар еліміз, жеріміз үшін уайымдамаса, ойларын айтпаса, олар өз болашағын, өткенін және бүгінін бұл елмен байланыстырмас та еді. Мәлімдеймін: қазақстандық жердің бірде-бір миллиметрі шетелдіктерге сатылмайды. Ал егер шетелдік оны жалға алса, оны Қазақстан Республикасының заңында жазылған талаптарды орындау арқылы ғана қолдана алады. Бұған қатаң бақылау жүргізіледі. Сондықтан уайымдамаңыздар, айдап салушыларға ермеңіздер, Президентімізге сеніңіздер, себебі біз оған ұзақ жылдар бойы сеніп келдік және ол елімізді әлемдегі көш бастайтын елдердің біріне айналдырды. Әрине, түсінеміз, біреулер елімізде тыныштықтың болғанын қаламайды, Таяу Шығыс елдеріндегідей дүрбелең, бүліншілік, өзара тартыс болып жатқанын қалайды. Біреулер осыны аңсайтын сияқты. Бұған жол бермейміз. Біз — бірлігі мол халықпыз, біз — біртұтас елміз. Жеріміз біздің еліміздің байлығы, барлығымыз үшін жалғыз жер. Азаматтарымыз қалай уайымдап жатса, мен де, үкімет те, ең бастысы Президент те дәл солай уайымдайды»- деп сөзін аяқтады. 

Категория: Новости | Просмотров: 253 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar