Главная » 2016 » Сентябрь » 20 » Халықаралық студенттік спорт күні аталып өтті.
16:21
Халықаралық студенттік спорт күні аталып өтті.

20 қыркүйек күні Қазақ спорт және туризм академиясына қарасты «Хан Тәңірі» стадионында Халықаралық студенттер спорты мерекесіне орай Алматы қаласы ЖОО студенттерінің қатысуымен мерекелік мәдени, спорттық-бұқаралық іс-шара өтті. 2015 жылы қыркүйек айының 20-сы күнін ЮНЕСКО-ның шешімімен халықаралық университеттік спорт күні (IDUS) ретінде атап өту турасында бірауыздан шешім қабылдаған болатын. Бұл айтулы күн студенттік спорттың дамуына, алға жылжуына барлық студенттің спортқа қызығушылығын арттыруға көмектесетініне сенімдіміз. Оқу орындарында спортпен айналысу тек дене шынықтыру сабақтарында ғана қаралмай осындай мерекелерде қолға алса дейміз. Бұндай мереке бейбітшілік пен дамудың құралы ретінде ынтымақтастықты арттырып, төзімділікті, түсіністікті, сондай-ақ, ұлттық және халықаралық деңгейлерде ықпалдастықты күшейтеді. Әлем бойынша аталып өтетін университеттік спорт күнінде миллиондаған адам спорттық шараларға, түрлі жарыстарға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауды әдетке айналдырса дейміз. Осы орайда, Халықаралық университеттер спорты федерациясының Президенті Олег Матыцин, ҚР студенттік спорт федерациясынан аталмыш мерекені ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетімен бірлесе отырып, атап өтуді сұраған болатын. Аталған шараға ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, ҚР студенттік спорт федерациясының жауапты тұлғалары, Алматы қаласы ЖОО ның басшылары және Олимпиада чемпиондары қатысты.

 

Баспасөз орталығы

 

 

 

Категория: Новости | Просмотров: 193 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar