Главная » 2016 » Июнь » 30 » Футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатына қатысушыларды шығарып салу рәсімі өтті
11:17
Футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатына қатысушыларды шығарып салу рәсімі өтті

29 маусым 2016 жылы Қазақ спорт және туризм академиясында Бразильяның  Гояния қаласында 3-10 шілде аралығында өтетін  футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатына қатысушыларды шығарып салу рәсімі өтті. Бұл чемпионат екі жылда бір болады. Ең алғаш 1984 жылы Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) қолдауымен өткен болатын. 2008 жылдан бастап қыздарда қатысатын болды. Осы  жылы аталған чемпионатқа жиырмадан астам команда қатысады, олардың арасында біздің қыздардан және ерлерден құралған екі команда бар. Ойындар Бразиляның  Гояния қаласында өтпек. Чемпионат аяқталысымен арнайы FISUдың туын Қазақстанға беру рәсімі өтеді. 2018 жылы футзалдан студенттік командалар арасындағы  әлем чемпионаты Алматыда өтпек. Алматы – футзалдан 2018 жылғы Әлем чемпионатын өткізу жөніндегі жеребеде жеңіс тұғырынан көрінді. Студенттер арасында футзал­дан Әлем чемпионатын өткізу жөніндегі байқауға 8 мемлекет ұсыныс беріп, үміткерлер арасында Алматы жеңімпаз деп танылған болатын.  Футзалдан Ұлттық студенттік лиганың деңгейі жылдан-жылға көтеріліп келеді. Жалпы алғанда, 2018 жылы Алматыда өтетін студенттік командалар арасындағы футзалдан әлем чемпионаты Орталық Азияда ғана емес, ТМД елдері тарихында тұңғыш рет өткізілгелі отырған ауқымды, маңызы зор шара. Шара соңында ҚР студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов ерлер командасының капитанына еліміздің туын табыс етіп, жеңіспен оралуларын тіледі.

 

 

Категория: Новости | Просмотров: 267 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar