Главная » 2015 » Апрель » 9 » ФОТОРЕПОРТАЖ: «Номад» КВН командасы тағы бір жеңіспен оралды
12:18
ФОТОРЕПОРТАЖ: «Номад» КВН командасы тағы бір жеңіспен оралды

3 сәуір күні Астанада өткен Республикалық премьер лига 1/8 финалында Қазақтың спорт және туризм академиясының «Номад» құрамасы бірінші орынмен оралды. 2014 жылы Қазақстан КВН орағының чемпиондары атанған жігіттер, ендігі жылғы жүлдені қанжығаларына байлар ма екен?

«Жақсы жаңалық! Номад құрамасы 1/8 финалдық ойыннан сүрінбей өтіп, 1/4 финалдық ойынға 1-ші орынмен өтті... (10,4 ұпай)», - деп әлеуметтік желідегі парақшаларында қуаныштарымен бөліскен әзілкештер, келесі сайыстарына қызу дайындық үстінде. Сонымен ширек финалға жолдама алғандар: Достар – 8 ұпай, Арал құрамасы – 8,8 ұпай, МПТК.КЗ – 8,8 ұпай және ең жоғары ұпай саны – Номад құрамасы – 10,4. Ондай болса, іске сәт деп, чемпиондарымызға тағы бір кубок тілейік!

 

 

 

 

Мәдина ОРАЗОВА,

фотосуреттер «Номад» мұрағатынан 

Просмотров: 245 | Добавил: admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0