Главная » 2016 » Октябрь » 31 » Дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті
10:32
Дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

      Ару қала Алматының құшағында орналасқан спортшылар мекені ҚазСТА-да тағы да жаңа леп қосылды. Кеше ғана мектеп табалдырығында білім алып, үлкен арман әлемін шарлап, жоғары оқу орнына түссем деген ізгі ой қалықтаған буын, бүгінде студент атанып, арманның ақ тұлпарын мініп, білім әлемін шарлауға дайын тұр. Жас толқын жастардың жанарынан жарқын болашақ, үлкен арман-мұраттар байқалады. Бұл әсерге толы сәтке 27 қазан күні ҚазСТА акт залында өткен 1-курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатында куә болдық. 

                                          

     Салтанатты жиынға ҚазСТА Президенті Қ.Қ. Закирьянов, оқу әдістемелік жұмыс проректоры Д.К. Нұрмұханбетова, тәрбие және бұқаралық спорт жұмыстары жөніндегі проректор М.З. Есқалиев және  Академия басшылығы мен ұжымы толық қатысты. Ақжарма кештің шымылдығын ашқан жүргізушілердің әсем сөздерінен кейін, Академия президенті  Қ.Қ. Закирьянов студенттер қатарына қабылдау күнімен құттықтады. Ақ тілектің тетігін ағытып, білімгерлерге кеңес бере келген Академия президенті Қ.Қ. Закирьянов: « - Қош келдіңіздер, құрметті 1-курс студенттері! Сіздердің келгендеріңіз жаңа толқын. Жаңа толқын алдыңғы толқыннан да биік болады.Сондықтан да, сіздердің білім жолындағы нәтижелеріңіз де биік болады деген сенімдемін. Бүгін біз қалыптасқан дәстүр бойынша, 1 курс студенттерін қабылдау кешін салтанатты түрде өткізіп отырмыз. Бұл күн, ең бір есте қалатын, елеулі, ерекше күн, болашаққа жол ашылған, шуақты күн. Кешегі мектеп оқушыларының, бүгінгі студент атанып отырған нұрлы сәті. Сіздер ең дұрыс шешім қабылдап, ҚазСТА-ны таңдадыңыздар. Өйткені, біздің студенттер әрқашан жеңіс тұғырында.  Биылғы жылдың өзінде Рио төрінде өткен Олимпиадаға 9 студентіміз жолдама алып, оның 3 чемпион болып келді. Сіздерде болашақта осындай дәрежеге жетесіздер деген сенімдемін. Құрметті студенттер, алғашқы қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!»,-деді. Қабылдау кешінде Академияның өнерлі жастары Алишер Бурханов, Архат Ғазизов, «Аллегро» бишілер тобы, «Томирис» КВН құрамасы және т.б. өнер әлемінің өкілдерінің әсем әндері көрерменге қуаныш сыйлады. Мұны акт залға  жиналған ҚазСТА жастарының жарқыраған үндерінен, күлімдген күлкілерінен анық байқадық.

                                      

 

                                      

 

                                       

 

ҚазСТА  Баспасөз қызметі

Категория: Новости | Просмотров: 139 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar