Главная » 2015 » Апрель » 10 » Бурханов Алишер «Көктем әуендерінің» жеңімпазы атанды
10:38
Бурханов Алишер «Көктем әуендерінің» жеңімпазы атанды

Академиямыздың шәкірті, халық арасында BigSher деп танылғын – Бурханов Алишер (КСжЖЖФ 4-3) «Көктем әуендері» атты Алматы қаласы студент жастардың ән және поэзиялық шығармаларының ІІ ашық қалалық фестивалінде 1-ші орынды иеленді. Фестиваль Алматы энергетика және байланыс университетінде өткен болатын. Жас әншімен жеңісі туралы сұхбаттасып, қызықты жаңалықтарын біліп қайттық. 

«Фестивальге 150-ге жуық адам қатысты. Дегенмен, іріктеу кезеңінен 9 номинацияға 3 адамнан, яғни 27-сі ғана өтті. Сайыскерлердің көрсеткен өнерлері алуан түрлі болды. Бірі дуэтте ән шырқаса, бірі аспапты өнерпаздармен шықты. Өзімнің орындаған туындыма келер болсам, оны тыңдау әлі мүмкін емес. Жуырда әлеуметтік желідегі парақшамда жарияланады, сонда баршаңыз баға берерсіздер»,- деп, Алишер өткен өнерлілер сайысы туралы айтты.

Жеңісіне дән риза әншіні болашақтағы жоспарларымен бөлісуін сұрап едім, «алдағы жоспар – Қазақ елінің бүгінгі чемпиондарына арнап жазылған «Алаш Арландары» әуеніне бейне-баян түсірілімін аяқтау. Мамыр айында көрерменге ұсынбақпыз. Осы орайда, еңбегімді бағалап, осындай жұмыстарым мен жеңістеріме әрқашан ақылдарын айтып, қолдау көрсетіп жүрген Қайрат Қайроллаұлына, Бауржан Қайратұлына және Мұхтар Зайнолдаұлына алғысым шексіз!»- деп жауап қатты.

Айта кетсек, бұл жеңіс Алишер үшін алғашқы емес. 2014 жылы дәл осы байқауда біздің өнерлі жігіт жеңімпаз атанған еді. Ондай болса, алда әлі жеңісті күндерің көп болғай деп, саған тек сәттілік тілейміз, Алишер!

Мәдина ОРАЗОВА,

фотосурет Танат АУТАНОВТІКІ

Просмотров: 198 | Добавил: admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0