Главная » 2017 » Апрель » 19 » «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
12:58
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Қазақ спорт және туризм академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған жиын өтті. Шараға академияның оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

ҚазСТА ұжымы Мемлекет басшысының ел тағдырына қатысты ой-толғауын үлкен ықыласпен қабылдады. Мақала конституциялық реформа мен Үшінші жаңғырудың экономикалық қайта құрылуын толықтыра түсіп, шын мәнінде, Қазақстанның табысты дамуының жаңа идеологиялық тұғырнамасына айналып отыр.

Жиынға қатысушылар Елбасы үндеуінің тарихи дамудың Қазақстан үшін жаңа кезеңіндегі асқан өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Ғалымдардың пікірінше, қоғам санасының жаңғыруы – алға жылжуымыз үшін аса қажетті қадам.

Гуманитарлық пәндер кафедрасы т.ғ.к. аға оқытушылары Жанғанатова Қ., аға оқытушы Винокурова Е.И., т.ғ.д., профессор Тұрсұнбаев Т.А., философ.ғ.к., аға оқытушы Жукешев К.М. аталған мақаланың біздің қоғамның түйіткілді мәселелерін айқын көрсеткен және оларды шешу жолдарын ұсынған стратегиялық бағдарламалық құжат болып табылатындығына тоқталды.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері білім мен ғылымды дамытуда көптеген істер атқарылды. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт», - делінген Елбасы мақаласында. Университеттер ғылым, білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеу орталығы ретінде қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуы тиіс.

ҚазСТА Елбасы идеяларын насихаттай отырып, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында көрсетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Жиын қатысушылары Нұрсұлтан Назарбаев идеяларының өмірге ендіру, оның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген жоспарлар мен басымдықтарын нақты қолдану – ел әлеуетін нығайтуға қуатты серпін беретініне және адами капиталдың дамуына, бірлікті, ұлттық тұтастықты сақтауға, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Медиа-орталық

Категория: Новости | Просмотров: 39 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar