Главная » 2016 » Июнь » 9 » Бокстан дәстүрлі XVI Халықаралық турнир өтті
13:07
Бокстан дәстүрлі XVI Халықаралық турнир өтті

8 маусым 2016 жылы Қазақ спорт және туризм академиясында Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға және  Академия Президентінің жүлдесіне арналған студенттер арасында Бокстан дәстүрлі XVI Халықаралық турнирдің ашылуы өтті. Салтанатты ашылуында ҚазСТА тәрбие және бұқаралық спорт проректоры Мұхтар Зайнолдаұлы Есқалиев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбев және Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраймов қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнир жыл сайын ҚазСТА президенті Закирьяновтың қолдауымен өткізіледі. Бұл турнирге Қазақстандық студент жастармен қатар Қырғызтан, Өзбекстан, Ресей, Монғолия, Тәжікстан, Қытай елдерінен 100 аса спортшылар қатысып келеді. Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Еркебұлан Шіналиев осы турнирдің жеңімпаздары атанған болатын.

Категория: СОБЫТИЯ | Просмотров: 152 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar