Главная » 2017 » Март » 28 » ҚазСТА ұжымы Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті.
17:28
ҚазСТА ұжымы Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті.

      Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі, мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн, Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «нау» жаңа, «руз» күн деген сөздерінің қалыптасып жылдың бірінші күнін білдірген.Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден, жыл басына байланысты, думанды халықтың мейрамы, екіншіден, Наурыз айы, ал үшіншіден, наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын мәдени мұра тізіміне кіргізді.

Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Бұл күні жұрт таза, жаңа киімдерін киіп, үй-үйге қыдырып, бір-біріне деген таза көңілдерін ақ тілегін білдіреді. Әр үйде дастархан жайылып, жеті түрлі тағам түрлері қосылған наурыз көже пісіріледі.
Бар табиғат оянып, түлеп, жасарған. Ұлыстың Ұлы күні – деп те аталанады. Осындай Ұлық мейрам Ұлыстың Ұлы күнін Қазақтың спорт және туризм академиясының ұжымы да ерекше сән-салтанатымен дүркірете думандатты. Мерекелік жиынға жиылған жұртшылықтың қарасы қалың. Ауа райы аса қолайлы да болған жоқ: жаңбыр сіркіреп, жел соғып тұрды. Дегенмен, күннің салқындығы мерекелік көңіл-күйге қаяу түсіре алмағандай.

Ұжымының қуанышына ортақтаспаққа академия Президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы сахна төріне көтерілді. Ол өз сөзінде көктемнің ең көркем де асқақ мәртебелі мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Мейрамның басты кейіпкері Қыдыр ата да дүйім елді аузына қаратып, қос білегін көтеріп, ақ батасын жолдады. Сондай-ақ, факультеттер мен кафедра оқытушылары өз өнерлерін көрсетіп, түрлі қойылымдар қойды, оқытушылар мен студенттер арасында түрлі спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы силықтармен марапатталды.

  • Наурыз мерекесі Академия ұжымының айта жүретін қызықты мерекесіне айналды.

 

Категория: Новости | Просмотров: 58 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar