Главная » 2016 » Январь » 11 » ҚазСТА баскетболдан қыздар командасы қола жүлдеге ие болды
14:09
ҚазСТА баскетболдан қыздар командасы қола жүлдеге ие болды

         Қазақтың спорт және туризм академиясының баскетболдан     қыздар құрама командасы Астана қаласында 11-14 желтоқсан аралығында өткен жоғарғы оқу орындарының Ұлттық студенттік лигасында топ жарып қола жүлдеге  ие болды. Тұңғыш рет ауқымды деңгейде өткен баскетбол ойындарына Астана, Алматы және Қарағанды қалалары жоғары оқу орындарынан 20-дан астам баскетбол командалары қатысты. Іріктеу кезеңі 4 аймақта: Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында өткен болатын. Ширек финалда үздік деген 8 ер және 8 қыздар командалары өнер көрсетті. Ұлттық студенттік лигасының бірінші маусымының шешуші ойындары «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтті.

        Финалда Қыздар университеті командасы Қарағанды экономикалық университеті командасымен бақ сынасып, 50-36 есебімен «ҰСЛ-2015» чемпионатының кубогін жеңіп алды. Бұған дейін университеттің баскетбол құрама командасы ҚР ЖОО арасындағы жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары атанған болатын.

Еліміздегі спортты дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін чемпионат жеңімпаздарын Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов марапаттап, сыйлықтар мен медальдарды салтанатты түрде табыс етті.

 

Просмотров: 212 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar