Главная » 2015 » Март » 2 » ҚазСТА Қазақ хындығының 550 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырды
11:37
ҚазСТА Қазақ хындығының 550 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырды

26 ақпан  Қазақтың спорт және туризм академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай «Тарихының тамыры терең – Қазақ хандығы» атты дөңгелек үстелі өтті. Мерекелік шара үлкен ауқыммен, көптеген құрметті қонақтармен есте қалмақ. Патриоттық кештің мақсаты – Қазақ хандығы тарихының бүгінде заманауи Қазақстанда алатын орны мен маңызын таныту, жас ұрпаққа маңызы мол іс-шараны дәріптеу.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылтолғанын атап өту, жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту үшін үлкен септігін тигізеді. Алайда, бүгінгі таңда Қазақ хандығының құрылған жылдарына қатысты сан-алуан көзқарастар шаш етектен. Дегенмен, 1465 жылы Керей мен Жәнібек хандары құрған Қазақ мемлекетін негізге ала отырып,  тарихшыларымыз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын дәлелдеген-ді.

«Мәңгілік Ел»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, биылғы 2015 жылды Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығымен  және ол тарихи датаны айрықша атап өтуіміз керектігін мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасартып тастады. Сонымен қатар, биылғы жыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл, Қазақстан Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл және Ұлы Жеңіске 70 жыл толуымен ерекшеленіп отырған тарихи жыл болып саналады. Осыны негізге алған дүбірлі мереке ұйымдастырушылары, кеш басын Темірбек Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің орындауындағы «Мәңгілік ел» қойылымынан бастады. Өнерлі жастардың Қазақ елі, жері мен тарихы жайында айтқан сөздері «құлақтан кіріп, бойды алар» деп айтсам, еш артық болмас. Өскелең ұрпақтың қазағым деп жүректері жалындап, көкіректері ояу болуы барша Қазақ аттының мақтанышы емес пе?

Тарих толқынында

Құрметті қонақтарға сөз кезегін беру үшін, құттықтау сөзін Қазақтың спорт және туризм академиясының тәрбие және спорттық-бұқаралық іс проректоры, педагогика ғылымының кандидаты Есқалиев МұхтарЗайнұлдаұлыбастады.Өз сөзінде Қазақ халқының тарихы мен оның ел дамуы үшін тигізер маңыздылығы турасында ой толғап, барша көрерменді мерекелік жылмен құттықтап, шараның ресми бөлімін ашты. «Нұрлы жол –мемлекеттің жаңа экономикалық саясаты» атты баяндамасымен таныстырған – «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі мүшесі, Алматы қалалық «Парасат» кәсіподағының төрағасы, Халықаралық өнер академиясының корреспондент-мүшесі (Мәскеу қ.), профессор Жанатаев Данат Жанатаұлы. Өз сөзінде партияның алға қойған ұстанымдары мен жаңа саясат туралы талқылап, еліміздің болашаққа деген жоспарымен таныстырда.

Келесі болып, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты  Шашаев Әуезхан Қадыржанұлы, «Қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы тарихи тұлғалардың рөлі» баяндамасын таныстырды. Шашаев мырзаның айтпағы, әр заманның өз ұлы, ал кейіннен тарихи тұлғалары бар. Дәл солардың күшімен ел мен халық қалыптасып, мамлекет негізі қаланады. Ал Қазақ хандығының көшбасшылары – Керей мен Жәнібек. Осы ұлы тұлғалардың бүгінгі Қазақстан атты тәуелсіз мемлекеттің бастамасын құрудағы тарихи деректер турасында, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми зерттеушісі Сатенова Марал Ратайқызы «Ұлттық топономика негізіндегі Қазақ хандығының құрылу тарихы» баяндамасымен, зерттеу нәтижелері мен болжамдарымен таныстырды. Жоғарыда аталып өткен тарихшы мамандар, зиялы қауыммен қоса, құрметті қонақ болып, жас буын өкілі, Алматы Технологиялық Университетінің Жастар Кеңесінің жетекші маманы Әбдешов Ержан Біржанұлы шақырылған-ды. Барлық спикерлерге көрермендерді қызықтырған сұрақтар қойылып, ресми бөлім өз соңына келіп жетті.

Өнер мен тарих ұштасуы

Қазақ халқы байырғы заманнан өнерге жақын болғандығы баршаға мәлім, ал ұлтымыздың тарихы сөз болғанда, бұл өнер патриоттық сипатта болары да хақ. Осыны негізге алып, мерекелік кеш қонақтарының назарына Қазақтың спорт және туризм академиясының талантты шәкірттері ән айтып, би де биледі. Ал мерекелік кеш Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің орындауындағы «Қобыланды батыр» тарихи қойылымы аяқтады.

Осындай тарихтың дәріптелетін кештері көп болғай. Себебі, өз тарихын білмеген Қазақ – Қазақ емес! Керей мен Жәнібек бабаларымыз негізін қалаған Қазақ ұлты мен мемлекеті тарихын біліп, көкейімізде сақтап жүргейміз, отандастар!

Мәдина ОРАЗОВА,

фотосуреттер Танат АУТАНОВТІКІ 

Просмотров: 248 | Добавил: dimabest | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0