Главная » 2015 » Март » 6 » ҚазСТА «Айтуға оңай» бағдарламасының қонағы атанды
11:52
ҚазСТА «Айтуға оңай» бағдарламасының қонағы атанды

Қазақтың спорт және туризм академиясы тек спорт Олимпінде ғана емес, қалың қазақ арасында танымал екендігі барша аян. Осы жолы да біздің қара шаңырақ халыққа танымал «Айтуға оңай» бағдарламасында екі рет қонақ болып қайтты. Спортшы қазақ аруларының бетке ұстары, бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай (КСжЖЖФ 3-1) мен өзінің бесінші рекордын Академия қабырғасында орнатқан зиялы спортшы Жан Ата бағдарлама кейіпкерлері атанды.

Боксшы қыздар турасында әңгіме қозғалған бағдарламаның бұл санында Назым өзге спортшы аруларымыздың қатарында болды. Чемпионымызды қолдау мақсатымен түсірілімге Назымның ата-анасы, достары мен ҚазСТА өкілдері қатысты. Естеріңізге сала кетсек, Назым Қызайбай 2014 жылы оңтүстік Корей мемлекетіндегі Джеджу қаласында өткен біріншілікте, 48 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алған-ды. Ал ақпанның 4 күні жас спортшыға «Жыл спортшысы – 2014» атағы берілді.

Ал ломды көтерумен шұғылданатын спортшылар туралы арнайы бағдарлама даярлаған арнаның қонағы атанған – бокс және самбодан спорт шебері, ертеде спецназ командирі Жан Ата. Академиямыздың құрметті қонағы атанған қариямен бірге ҚазСТА өкілдері де түсірілімге қатысқан-ды. Естеріңізге сала кетсек, Жан Ата қаңтардың 15 жұлдызы бес килограмдық ломды 5 сағат үзбестен 11 111 рет көтеріп рекорд орнатқан-ды.

«Айтуға оңай...» ток-шоуы тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді, өзекті оқиғаларды талқыға салады. Бағдарлама қонақтары – қарапайым азаматтар, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер және құзырлы мекемелердің өкілдері. Дүйсенбі – жұма аралығында сағат 21:05-те жарық көреді.

Мәдина ОРАЗОВА

Просмотров: 262 | Добавил: dimabest | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0