Главная » 2015 » Март » 17 » Қазақтың спорт және туризм академиясында "Студент Барысы" байқауы өтті
12:11
Қазақтың спорт және туризм академиясында "Студент Барысы" байқауы өтті

Наурыз айының 13 жұлдызы спорт тарихында «Студент Барысы 2015» тұсаукесерімен есте қалмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қазақ күресінен Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы өткен бұл жарыс, Қазақтың спорт және туризм академиясының Ұлттық спорт түрлері кафедрасының ұйымдастыруымен өткен-ді. Дүбірлі дода 13-14 наурыз аралығында ҚазСТА Спорттық ойын залында орын алды. Аталмыш шараның қонақтары болып қала Әкімшілігінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері мен жоғарғы оқу орындарының студенттері атанды.

Мемлекет басшысы Н.Ә Назарбаев, биылғы 2015 жылды Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығымен және ол тарихи датаны айрықша атап өтуіміз керектігін мәлімдеген болатын. Осыған орай, Қазақтың спорт және туризм академиясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қазақ күресінен Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Студент Барысы» жарысы өтті. Шараның негізгі мақсаты – қазақ күресінің дамуын халық арасында және студент жастар арасында кеңінен насихаттау, қазақ күресі балуандарының шеберлігін шыңдау, студент жастардың патриоттық сезімін арттыру, студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Барыстар сайысының нәтижесі бойынша өз салмақ дәрежесінде үздік атанғандар (1-ші орын иегерлері):  

Оспан Дауылбай – 55 кг (ҚазСТА)

Ілесбеков Олжасбек – 60 кг (ҚазСТА)

Әлібеков Темірхан – 66 кг  (Абай атындағы КазҰПУ)

Қайырбек Батырхан – 74 кг (ҚазСТА)

Төлемісов Аманкелді – 82 кг (ҚазСТА)

Әлғазы Нұрсұлтан – 90 кг (Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ)

Төлеген Әлішер – 90 кг (ҚазСТА)

Құдайбергенов Мәди – 90 кг (ҚазСТА)

Мәдина ОРАЗОВА

Просмотров: 281 | Добавил: dimabest | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0