Главная » 2017 » Январь » 26 » «Қазақстан спорты – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттарында»
10:18
«Қазақстан спорты – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттарында»

        Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Қазақ спорт және туризм академиясы бірлесе отырып, XXVIII-ші қысқы Универсиада қарсаңында, қаңтардың 25 күні «Қазақстан спорты – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттарында» атты тарихи құжаттық көрме және Дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстанның тарихи-құжаттық мұрасын дәріптеуге және насихаттауға бағытталған.

       Еліміз қысқа тарихи кезеңде экономика, саясат, әлеуметтік салаларда ауқымды жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік аренада таныла бастады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Орталық Азия шеңберінде ғана емес, бүкіл әлем бойынша жаһандық бастамалардың бастаушысы ретінде танылып отыр.

 

       Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде қазақстандық спортшылардың халықаралық және республикалық жарыстарда жеткен спорттық табыстары, спорт нысандарының құрылысы, спорт қауымдастықтарының қызметі және жекелеген спортшылар туралы құжаттар сақталған.

        Көрмеде ҚР Президент Архиві қорларында сақталған Қазақстан спорты тарихы бойынша 1930-шы жылдардан бастап ресми құжаттар, спорт мәселелері туралы жоғары мемлекеттік органдардың хат алмасуы, түрлі жылдардағы фотосуреттер орын алады. Сонымен қатар көрмені Қазақ спорт және туризм академиясы жанындағы Спорт және олимпиада даңқының республикалық музейінің бірегей экспонаттары толықтырады. Шара қатысушылары назарына Қазақстан спорты тарихы жөнінде деректі фильм ұсынылды.

        Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, спорт және спорт журналистикасының ардагерлері, спортшылар, мемлекеттік мекемелер, музейлер мен архив басшылары, Қазақ спорт және туризм академиясы мен Республикалық спорт колледжінің студенттері қатысты.

 

Категория: Новости | Просмотров: 81 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar