Главная » 2016 » Январь » 15 » Қарашаның 4-7 күндері қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирі төртінші рет жалауын көтереді.
13:04
Қарашаның 4-7 күндері қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирі төртінші рет жалауын көтереді.

        4-7 қараша күндері Орал қаласында қазақ күресінен республикалық «Жас барыс» турнирі өтті. Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үш күнге созылған жарыс болашақ «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы» және «Әлем барысында» ел намысын қорғайтын білекті балуандардың ысылып шығуына бірден-бір септігін тигізер додаға айналды. Жас мөлшеріне қарай үш топ бойынша өткен республикалық турнирге 16 команда, 350-ге тарта балуан қатысып, әр салмақ бойынша мықтыны анықтады.

14-15, 16-17 және 18-19 жас аралығында үш топта сынға түскен жас палуандардың бәсекесіне еліміз бойынша 260 спортшы қатысты. Бұл туралы «Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының» баспасөз қызметі хабарлады.

Дәстүрлі түрде төртінші мәрте өткен республикалық турнирге іріктеу IV кезең бойынша жалғасқан болатын. Әуелі қатысушылар І-ІІ кезеңде ауылдық елді мекендер мен аудандық іріктеуден өтсе, ІІІ кезеңде облыстық іріктеу сынына қатысты. Одан өткендер ІV кезеңге, яғни, финалдық турнирге жолдама алды. Турнирде

14-15 жастағы балалар: 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, + 73 кило,

16-17 жастары жасөспірімдер: 46, 51, 57, 64, 72, 81, +81 кило,

18-19 жастағы жастар: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 кило салмақ дәрежелерінде белдесті.

Аталған жарысқа ҚазСТА атынан қатысқан ұлттық спорт кафедрасының 3-курс студенті Төлембай Қасымхан 1-орын, 2-курс студенті Байжігіт Ернар 1-орын, 4-курс студенті Қажыисламбек Ілияс 3-орын және 2-курс студенті Құдайбергенов Мәди 3-орынды иеленді.

Турнирді Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы» ҚН ЗТБ және «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қоры ұйымдастырғанын атап өткен жөн.

 

Просмотров: 266 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar