Главная » 2016 » Апрель » 1 » Академиямыздың бокс және ауыр атлетика кафедрасының 4 курс студенттері Абылайхан Жүсіпов пен Дариға Шакимова Рио Олимпиадасына жолдама алды
14:33
Академиямыздың бокс және ауыр атлетика кафедрасының 4 курс студенттері Абылайхан Жүсіпов пен Дариға Шакимова Рио Олимпиадасына жолдама алды

 Академиямыздың бокс және ауыр атлетика кафедрасының 4 курс студенттері Абылайхан Жүсіпов пен Дариға Шакимова Қытайдың Цяньань қаласындағы Азия мен мұхиттық елдер арасында Олимпиадаға жолдама тарататын іріктеу турнирін жеңіспен бастады. Ерлер арасында 64 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап келе жатқан Абылайхан Жүсіпов бірінші іріктеу кезеңінде үндістандық Манож Кумарды ұтты. Төрешілер (10:9, 10:9, 10:9) есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда осы салмақ дәрежесінде бірінші орында тұрған оңтүстік кореялық Хунчул Лиммен жұдырықтасады. Жекпе-жек 28 наурыз күні өтеді. Қыздар арасындағы бокстан Рио Олимпиадасының алғашқы жолдамасы бұйырды. 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Дариға Шакимова төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі додада ел намысын қорғайды. 27 жастағы қазақстандық боксшы жартылай финалда солтүстік кореялық Унг Жангты 3:0 (39:37, 39:37, 39:37) есебімен жеңді. Нәтижесінде қыздар арасында бірінші болып Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Енді жарыстың алтын жүлдесіне таласатын болады.

 

 

 

Категория: Новости | Просмотров: 249 | Добавил: Mara | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar