Главная » 2015 » Апрель » 1 » Академияда «Гендерлік саясат Қазақстан жастарының көзқарасы тұрғысынан» атты сауалнама өткізілді
11:25
Академияда «Гендерлік саясат Қазақстан жастарының көзқарасы тұрғысынан» атты сауалнама өткізілді

27 наурыз күні Қазақтың спорт және туризм академиясының студенттері арасында, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия тапсырысымен, «Гендерлік саясат Қазақстан жастарының көзқарасы тұрғысынан» деген тақырыпта сауалнама өткізілді.

«Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы» қабылданған еді. Соның негізінде елімізде көптеген істер атқарылды. Енді солардың бір қорытымдарын жасау үшін талдау, нақтылау, бағалау және жалпылау жұмыстары жүріп жатыр. Осы жұмыста жұртшылықтың пікірлеріне де маңызды орын беріледі. Осы себепті ауқымды сауалнамаға Алматы, Астана, Өскемен, Қостанай, Арқалық және Қызылорда қалаларының 1100 ЖОО студенттері қатысты.

Мәдина ОРАЗОВА

Просмотров: 226 | Добавил: admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0