Главная » 2015 » Апрель » 14 » Академия студенттері Ұлттық қауіпсіздік комитеті ардагерлерімен кездесті
11:03
Академия студенттері Ұлттық қауіпсіздік комитеті ардагерлерімен кездесті

Бүгін Қазақтың спорт және туризм академиясы студенттері мен мұғалімдері Ұлттық қауіпсіздік комитеті ардагерлерін құрметті қонақ етіп қарсы алды. Кездесу «Қазақстан – 2050» стратегиясын  жүзеге асырудағы жастардың алатын орны мен Ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнамаларды жетілдіру деген тақырыпта өтті.

 

Басты мақсат – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деген ардагер-қонақтарымыз – генерал-майор Абдрахманов Сапар Копабайұлы, полковник Бекмухамедов Ғазиз Тұрсынұлы, полковник Базарбаев Ораз Тұрсынұлы және подполковник Халтурин Борис Иванович.

 

 

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолауымен сөз сөйледі. Бұл Жолдау «Қазақстан-2050» стратегиясының ауқымы бойынша бірегей міндеттерді шығармашылық ашады және дамытады. Президент өз жолдауында Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына кіргізудің ғаламат жоспарын атап өтті.

Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

Бүгінгі кешке арнайы келіп, салмақты да салиқалы ой-пікірлерімен  бөліскені үшін қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз!

 

Жастар ісі комитеті,

фотосуреттер Сергей СВЕТЛОВТІКІ 

Просмотров: 273 | Добавил: admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0