Главная » 2016 » Апрель » 13 » Академия студенттері қамкөңіл қарттар үйіне барып сенбілік жасады
12:01
Академия студенттері қамкөңіл қарттар үйіне барып сенбілік жасады

Сәуірдің 12 күні Қазақтың спорт және туризм академиясының Жастар ісі жөніндегі департаменті мен студенттерден құралған еріктілер  тобы бір жұдырықтай жұмылып Алматы қаласы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ардагерлер үйіне барып сеңбілік өткізді. Сенбілік барысында қарттар үйінің ауласында орналасқан гүл алаңын жинап, ауланы тазалады. Сондай-ақ, жастардың жұмысын тамашалап отырған жалғыздықпен күресіп, күзгі жапырақтай көңілдері сарғайған, жанұялық бақытты сағынған, қамкөңіл қарттармен әңгімелесті. Қарттар жалынды, еңбекқор, ұйымшыл жастардың жұмысын көріп, бір сергіп қуанып қалды. Сонымен қатар, көнекөз қарттармен естелік ретінде суретке түсті. Мекеме басшылығы студенттерімізге риза болып, алғысын білдірсе, қарттар да өз қуаныштарын жасырмады.     Сенбілік өте қызықты әрі көңілді өтті. Осындай сауабы мол, тиімді іс атқарған жастар ерекше рухани серпіліс алып, зор ықыласқа бөленіп қайтты.

 

                                                                    

 

                                

 

                                

Категория: Новости | Просмотров: 342 | Добавил: Mara | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar