Главная » 2016 » Март » 2 » Ақпанның 20 күні Қазақтың спорт және туризм академиясының «Қаймар» базасында Академия ұжымы «Денсаулық күнін» атап өтті.
12:23
Ақпанның 20 күні Қазақтың спорт және туризм академиясының «Қаймар» базасында Академия ұжымы «Денсаулық күнін» атап өтті.

      Ақпанның 20 күні Қазақтың спорт және туризм академиясының «Қаймар» базасында Академия  ұжымы «Денсаулық күнін» атап өтті.Шараның мақсаты: салауатты өмір салтымен шынығып еліміздің рухани ерекшеліктерін сыйлауға, сақтауға, мәдениеті мен дәстүрін құрмет етуге, тәрбиенің басты бағыттары: ақыл-ой, адамгершілік, үлкенді сыйлау, отбасын құрметтеу, патриоттыққа бағыттау және тәрбиелеу. Мерекелік шараны ашқан Казақтың спорт және туризм академиясының тәрбие және бұқаралық істер жөніндегі проректоры М.З. Есқалиев өз сөзін: «Біздің халқымыз «Денсаулық – зор байлық» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан», – деп бастады. «Денсаулық күні» атты шараның барысында Академия ұжымының қатысуымен әр түрлі спорттық ойындар өтті. Шараға Академия әкімшілігі, профессорлық-оқытушылар құрамы, бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.

Просмотров: 268 | Добавил: Mara | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar