Главная » 2016 » Сентябрь » 13 » 2016 жылдың 10 қыркүйек күні жалпықалалық сенбілік өтті.
12:15
2016 жылдың 10 қыркүйек күні жалпықалалық сенбілік өтті.

 2016 жылдың 10 қыркүйек күні жалпықалалық сенбілік өтті.     

        Қалалық сенбілікке Академия студенттері мен оқытушылары жұмылдырылды. Тазалық шарасына Академия ұжымы мен студенттері бір кісідей ат салысты.

        Нәтижесінде көше бойындағы қоқыстар шығарылып, ғимарат нысандарының алдымен ағаш түптері әктеліп, сырланды. Қаламызды көгалдандыру мен қоса абаттандыру, қоршаған ортамызды ластамай табиғат ана берген сыйды қастерлеп, оның аса маңыздылығымен жауапкершілігін сезіне білуіміз шарт. Себебі кез келген пенде табиғаттың билеушісі. Табиғат адам үшін жаратылған, ал адам оның иесі болып табылады. Сондықтан да жаратушымыз берген мұндай сыйды қашанда бағалай білгеніміз абзал. Асылында біз табиғат ресурстарын жөнсіз, олар таусылмайтындай пайдаланып, қоршаған ортамызды күл-қоқыстармен, түрлі тұрмыстық заттармен ластап жатқанымыз табиғат-анаға жасалған қиянат емес пе? Сенбілік аясында Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшелерінің бойлары тазаланды.

        Қоршаған ортамыздың тазалығы үшін барынша еңбек етіп, соның көркеюі үшін тер төгер болсақ, кейін оның жемісін көреріміз анық. Өйткені, экологиялық мәселелерді шешу ең алдымен адамның өзінің өзгеруінен басталатынын ескерсек, табиғаттың – сұлулықтың қайнар көзі екенін естен шығармағанымыз жөн.

 

Категория: Новости | Просмотров: 149 | Добавил: Гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar