Философия курсы адамның, қоғамның дүниетанымын қалыптастыруға, айналаны қоршаған ортаны танып-білуге көмектесетін, әмбебап пән. Философияның негізгі зерттеу объектілері - болмыс пен сана. Болмысты зерттейтін өзге ғылым салалары үшін философия әдіснамалық нұсқау беретін пән болып табылады. Философияның әдістемелері жекелеген пәндердің зерттеу үдерісінде пайдаланылады. 

Бакалаврларға арналған курсте философияның пайда болуынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі аралықтағы даму, жетілу жолы, дүниежүзілік мәдениетте із қалдырған ұлы философтардың концепциялары, негізгі шығармалары, бағыттық нысаналары оқытылады. 

Алған мамандығына, кәсібіне қарамастан, философия интеллигенция өкілдерінің бәрі меңгеруі міндетті пән болып табылады.