Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің мақсаты:  бүгінгі Ұлы Дала елі  аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани және материалдық мәдениетке студент назарын бағыттау; студенттерге тарихтың іргелі  мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.


Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық-методологиялық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңбері 1905-2019жж. қамтиды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады.