Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің мақсаты: бүгінгі Ұлы Дала елі  аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани  және материалдық мәдениетке студент назарын бағыттау; студенттерге тарихтың іргелі  мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.


 Философия пәнінің мақсаты философиялық білімінің базалық құндылық құрылымын, адам мен қоғам өміріндегі ролін, адамның әлемге деген қатынасын, әлемнің діни ғылыми көрінісін философиялық негізде оқыту, адам өмірінің мәні мен мағынасын көрсету, философияның тарихи типтері арқылы білім алушылардың мәдениетінің құрылымы мен дамуына көмектесу, тез өзгеретін қарама-қайшылықты әлемде құндылықты бағалауға уйрету.  

Философия пәнін оқу арқылы студенттер  философиялық тұжырымдамалар мен заңдылықтармен танысып, философиялық білімнің дамуының маңызды кезеңдерін, мектеп бағыттарын, тұжырымдамалар туралы мәлімет алады.         

.

"Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы" пәні  барлық бакаллавр мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған. Пәннің хронологиясы 1905-2018 жж. қамтиды.