Без рубрики

“Студенттер қатарына қабылдау”

2019 жыл 22 қарашада Қазақ спорт және туризм академиясының акт залында “Студенттер қатарына қабылдау” кеші өтті. Биылғы оқу жылында 712 студент бірінші курс қатарын толықтырды. Студенттердің жарқын мерекесін ҚазСТА президенті, профессор Закирьянов Қайрат Қайруллаұлының құттықтау сөздерінен басталды.⠀

Содан кейін, 3 факультеттің 1 курс студенттері салтанатты түрде ант қабылдады. Жоғары курс студенттері мерекеге қатысушы бірінші курс студенттеріне қөңілді және тамаша атмосфера сыйлады. Залдағы көрермендерге есте қаларлық бимен, тамаша вокалдық нөмірлерімен, шоу-бағдарламасымен қуантты, сондай-ақ, КВН құрама командасы көңілдерін көтерді.⠀

Ең бастысы студенттік мереке де оқу жылы бойы Академияның қоғамдық өмірінде және мәдени-көпшілік іс-шараларда өзін көрсеткен белсенді студенттерді “ҚазСТА белсендісі” төс белгісімен марапаттаумен жалғасты.⠀

Қазақ спорт және туризм академиясының ұжымы, бірінші курс студенттерін Қазақ спорт және туризм академиясының студенттер қатарына қабылдануымен құттықтайды.👏👏⠀

_uI_Fi0hw-M Cp07wGKYf-I

diaj8yYIyXA EC5fwikEeNM

G3OxixuRs1k hAdqJSSsiGk

tJp0zYpReG4 UecqNNSk7jE

Uxzh_awTzIo ZEW09rY0JhQ

Қатысты мақалалар

Close