Извините за временные неудобства,Сайт kazast.kz находиться на реконструкции

Без рубрики

Құрметті түлектер!«ҚазСТА-ның түлектер күні» атты салтанатты шараға шақырамыз.

Құрметті түлектер! Сіздерді 2019 жылдың 14 маусымында сағат 15.00-де өтетін «ҚазСТА-ның түлектер күні» атты салтанатты шараға шақырамыз.

Біз ҚазДШИ мен ҚазСТА-ның 2014, 2009, 2004, 1999,1994, 1989,1984, 1979 жылдардағы мерейтойлы түлектерін асыға күтеміз.

Сіздер әр жылдары еліміздегі спорт саласы бойынша жоғары білім беретін әрі 2019 жылы өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған көне оқу орындарының бірегейінде білім алдыңыздар.

Қазақ дене шынықтыру институты, бүгінде Қазақ спорт және туризмакадемиясы деп аталатын ЖОО өзінің алғашқы құрылған күндерінен бастап және бүгінгі күнде де Қазақстандағы дене шынықтыру және спорт саласындағы бас оқу, ғылыми, спорттық орталығы және ТМД елдерінің ең
үздік спорттық ЖОО-сы болып танылып отыр.

Қазақ спорт және туризм академиясында 2017-2018 оқу жылдары «ҚазСТА-ның түлектері мен серіктестері» атты Қоғамдық бірлестік құрылған болатын, оның негізгі міндеті – барлық ұрпақтың корпоративтік рухын нығайтуға, түлектердің ынтымақтастығын арттырып және олардың
әлеуметтік тұрғыдан өрлеуіне, өз әлеуеттерін танытуларына ат салысу.

Біз Сізді осынау қоғамдық бірлестіктің белсенді қатысушысы болуға және біздің мерекелі шарамыз – ҚазСТА-ның түлектер күнінің тойлану салтанатына қатысуға шақырамыз.

Салтанатты шара мына мекен-жайда өтеді:
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 85 (А.Байтұрсынов көшесінің қиылысы)
Анықтама үшін телефондар: 8 (727) 292-20-45; 8(747)-842-72-32

Біз Сізбен кездесуді асыға күтеміз!

Қатысты мақалалар

Close