Извините за временные неудобства,Сайт kazast.kz находиться на реконструкции

Без рубрики

Бокстан XIX Халықаралық турнирі басталды.

Қазақ спорт және туризм академиясында оқу орнының 75 жылдық мерейтойы мен Жастар жылын қолдау аясында, сондай-ақ, Халық Қаhарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған және ҚазСТА Президенті, профессор Қ.Қ. Закирьянов жүлдесі үшін бокстан студент жастар арасында дәстүрлі түрде өтетін XIX Халықаралық турнирі басталды.

«Төрт күнге созылатын бұл жарысқа барлығы 120 боксшы қатысуда. Олардың ішінде еліміздің барлық облыстарымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан және Моғолия спортшылары да бар. Осымен 19-ші рет өткізіліп отырған бұл турнир Халық Қаhарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға және осы Қазақтың спорт және туризм академиясының 75 жылдық мерейтойына арналып отыр», – деді өз сөзінде бокс және ауыр атлетика кафедрасының меңгерушісі Тайыржан Искаков.

Айта өтейік, Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1966-1988) Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1986 жылдың күзінде жолдамамен Алматы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседі. АСҚИ-дің бірінші жатақханасында тұрған Қайрат бірінші курс студенті болғанына қарамастан институтың қоғамдық өміріне белсене араласып кетті. Сол кезде-ақ жас комсомолдар жасағының командирі, студенттер кәсіптік бюросының (профбюро) мүшесі болды. 1986 жылы 17-18-желтоқсанда Брежнев алаңындағы бейбіт шеруге қатысты. Сол үшін Қайрат шеруге шыққан достарымен бірге тұтқындалып, “18-желтоқсанда Мир (қазіргі Достық даң.) және Қаныш Сәтбаев көшелерінің қиылысында бейбастақтық жасап, Савицкийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады” деген айып тағылып, достарымен бірге сотты болады. Тергеу жұмыстары алты айға созылып, соңында болған сотта Қайратпен бірге болғандар 4 жылға, 15 жылға бас бостандықтарынан айырылады. Ал Қайратқа жабылған жала ауыр болып, алғашында ату жазасына кесілді. Кейіннен шетелдіктер ұйымдар мен қоғам қайраткерлерінің қарсылықтарынан сескенгендей болған сол кездегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 28 сәуірдегі жарлығымен оған кешірім жасалып, жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды.

1znCXJDOneE  2E4WNtO4NSU

4uMD9Qs0w3g   8vfApmkmOKQ

n_U-QqX5xto   VsfjsKfon0g

Xp3V8FTr_nk   Z-4nMD1460s

Қатысты мақалалар

Close