Извините за временные неудобства,Сайт kazast.kz находиться на реконструкции

Без рубрики

«Руxани Жаңғыру-жастардың жарқын жолы»

Қазақ спорт және туризм академиясының 75 жылдық мерейтойына орай және Жастар жылы аясында «Руxани Жаңғыру-жастардың жарқын жолы» атты Қазақстан Республикасы жазушылар Одағының мүшесі, ақын-жазушы, «Сағынған көздің моншағы», «Махаббатым менің» кітаптарының авторы, «Бір өлең – бір әлем» атты Республикалық Мүшайраның бірінші орын жеңімпазы, Ағайынды ғалымдар Дәукеевтер атындағы 2008 жылғы сыйлықтың иегері, «Ер Жәнібек 300» Халықаралық жыр мүшайрасының жүлдегері, Семей облысы әкімінің стипендиаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әбілқасымов Айжарық Құбашұлының шығармашылық кездесуі өтті. Кездесуге оқытушылар, студенттер мен қызметкерлер қатысты.
Кештің басты мақсаты – Әбілқасымов Айжарық Құбашұлының поэзиясын, шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, студенттерді ақынның шығармаларынан өзінше ой түюге, өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеуге бағытталды.
Алғашқы сөзді академияның Бірінші проректоры, п.ғ.кандидаты М.З. Есқалиев алып, өзінің тілегін білдіріп, Айжарық Құбашұлын жиналған көпшілікке таныстырып өтті. Іс-шара барысында Академия студенттері ақынның өлеңдерін нақышпен оқыды.
Айжарық ақын жиналған жұртқа кең даладай дархан жүрегінен қыран қанатты, қылыштай қиып түсер алмас жырларын тарту етті. Студенттер көкейлерінде жүрген сан түрлі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сөз кезегін алған шығармашылық кештің модераторы Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық универсететінің доценті, әлеуметтану ғылымдар кандидаты Салықжанов Рамазан Саттарұлы: «Бұл кештің бүгінгі оқырманға берері көп, Айжарық ақынның өлеңдерін сонау студенттік кезден тыңдап өстік. Өлеңдері өте көркем, мән мағынасы терең, ойлы өлеңдер», – деп сөзін түйіндеді. Кездесу соңында ақын студенттерге өз қолтаңбасын қалдырып, естелікке суретке түсті.
_ccdzCz13aA axGsTVt-wnc CF_sU1QEGRE qnmMrqkokJI r4OMAAOC2ro V3hj9rY0Ev4 VZyVq01V450 WszK-bJ_lbo -YLOYjISaXM zKUSvVb2MQU

Қатысты мақалалар

Close