ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ

76289467294876Рыскуль Борановна  Лесбекова- Олимиадалық  спорт факультетінің деканы,биология ғылымдарының кандидаты,доцент.

1995-1998ж-ҚазСТА анатомия және физиология кафедрасының  аспиранты. 1999 жылдың 30 шілдесінен 2000 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі аралықта аға оқытушы, 2000 жылдың 1 қыркүйегінен 2008 жылдың 20 шілде аралығында -анатомия және физиология кафедрасының  доценті.

2008-2011 жылдарда анатомия және физиология кафедрасының  меңгерушісі болды.

2011 жылдан бастап Олимиадалық  спорт факультетінің деканы.

Олимиадалық  спорт факультеті  білім беру саласы бойынша   Қазақтың  спорт және туризм академиясының 2012 жылдың 31.05.акционерлік  қоғам ережесімен  жоғары білім беру және  жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру құқығы бойынша  «ДШ ж С»мамандығына  мемлекеттік  ( АБ № 0137383 серия бойынша  03.02.2010ж.)  лицензия бекітілген.

бакалавриат:

«Денешынықтыру және спорт» — 5В010800

магистратура:

«Денешынықтыру және спорт» — 6М010800

докторантура:

««Денешынықтыру және спорт» —6D010800   -2010ж  29.04.

Олимпиадалық спорт факультетін басқарғандар:

—  1998-2007ж. биология ғылымдарының докторы, профессор Людмила Расимовна  Кудашова;

—2007ж. ақпан айынан филология ғылымдарының  кандидаты Петр Дмитриевич Поминов;

—2007ж. қараша айынан педагогика  ғылымдарының  кандидаты Халдар Камбарович Унтаев ;

—2009ж. мамыр айынан педагогика  ғылымдарының  кандидаты, доцент Динара Кенжеевна Нурмуханбетова;

—2011ж. Қыркүйек айынан биология ғылымдарының кандидаты,доцент Рыскуль Борановна Лесбекова;

—2006-2009 ж. «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері Л.Р. Кудашова, Д.К. Нурмуханбетова;

1998 жылдың 21 мамырынан  бұрынғы факультеттерді біріктіру негізінде «Денешынықтыру және спорт»мамандығын «Жалпы спорт түрлері»және «Спорт факультеті» базалық дайындық,  денешынықтыруда жоғарғы спорт деңгейінде  оқыту үшін үш факультет құрылды.

Факуьтеттің  құрылған мақсаты, студенттерді екі жыл дене шынықтыру және спортқа дайындау .

Базалық факультетті бітірген студенттер, «Таңдаған спорт түрінен жаттықтырушы» немесе  «Денешынықтыру пәнінің оқытушысы» біліктілігін таңдап және жоғарыда көрсетілген факультетттерде 3,4 курстарда оқуларын жалғастырған. Осы оқу үлгісі тек 1 жыл ғана оқытылған.1999жылдың 18 тамызынан өндірістік қажеттілікке байланысты барлық үш факультетті денешынықтыру және спортқа біріктіріп,  (2001 ж.тамызынан Денешынықтыру және спорт  факультеті).

ОСФ студенттер 22 мамандық:  волейбол, баскетбол, гандбол, футбол,үлкен теннис, көркем гимнастика, жеңіл атлетика, регби, шаңғы спорты, конькимен сырғанау, биатлон, хоккей, ату спорты, велоспорт, спорттық гимнастика, жүзу, спорттық акробатика, фитнесс, емдік дене шынықтыру және массаж, бильярд, семсерлесу бойынша білім алуда.

Спорт саласында заманауи ғылыми зерттеулер нәтижесі  негізгі екі  бағытты –олимпиадалық және кәсіби спортты айқындап берді. Принципті ерекшеліктері әлеуметтік-құқықтық, ұйымдастыру- басқару,экономикалық, сонымен қатар  дайындықта: іріктеп алу, жоспарлау,физикалық дайындық, оны жетілдіру. Спорт саласының осындай деңгейде дамуына байланысты, денешынықтыру және спорт  факультеті олимпиадалық спорт факультеті болып өзгертілді.

Факультетте оқу процесін  ұйымдастыру, оқу ісі проректоры бекіткен академиялық күнтізбе арқылы оқытылады.Барлық мамандық бойынша оқытылатын пәндер ГОСО негізінде Типтік оқу бағдарламасымен қамтамасыздандырылған. Оқыту  пәндерінің бағдарламасының мазмұны типтік оқу бағдарламасымен, біліктілік талаптарына сай.

Оқу бағдарламасынан бөлек, СӨЖ және СОӨЖ оқыту –әдістемелік нұсқаулар бойынша:

— дипломдық және курстық жұмыстарды орындауда әдістемелік нұсқаулар;

—тәжірбие өтуге әдістемелік нұсқаулар;

— СӨЖ және СОӨЖ әдістемелік нұсқаулар;

Факультеттің әрбір бітіруші кафедраларында  әдістемелік кабинеттер бар.

Факультетте студенттердің сапалы білім алуы ҚББжҒМ 2008 ж. от 18.03. бұйрығын негізге ала отырып,  «Білім беру ұйымдарында оқып жатқан студенттердің ағымды бақылау үлгерімі , аралық және мемлекеттік  қорытынды аттестациясы бақылануда.

Факультет студенттері   2013-14 оқу жылдан бастап  6 түрлі білім беру бағдарламасы бойынша оқытылуда:

— «Жоғары дәрежедегі спорт және денешынықтыру»;

— «Спорттық психология және денешынықтыру»;

— «Денсаулық менеджменті және денешынықтыру»;

— «Күзет саласы және денешынықтыру»;

— «Спорт менеджменті және денешынықтыру»;

— «Спорттық  журналистика және денешынықтыру»;

ОСФ 5 мамандандырылған академия бар:

  • Олимпиада чемпионы Нелли Ким атында гимнастика академиясы ;
  • Олимпиада чемпионы В.М. Смирнов атында шаңғы спорт академиясы ;
  • Тимура Сегизбаев атында футбол академиясы;
  • Альжана Жармаханов атында баскетбол академиясы;
  • Зомгар Джаркешев атында волейбол академиясы;

Футбол академиясының ашылуында студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Қайруллинович Закирьянов:

«Академияның ашылу мақсаты, балалар мен жастар арасында жаппай спортты  да сонымен қатар кәсіби спортшыларды  дайындау үшін жоғары деңгейде база құрылу керек, академияның ашылуы да Қазақстанда мемлекеттік деңгейде сапалы спортшылар дайындау .

Студенттер, магистранттар, PhD докторлары білімдерін шыңдау үшін, дипломдық және диссертациялық жұмыстарын арнайы  дайындау үшін  факультетте ғылыми-зерттеу базасы бар. Ғылыми-зерттеу (педагогикалық бақылау  және эксперименттер) теорияға байланысты әртүрлі мәселелер және спорттық жаттығу әдісі, ҚазАСТ денешынықтыру және туризм спорт залдарында, оқу-әдістемелік кабинеттерде, академияларда жүргізіледі.

Мемлекеттік тапсырыспен берілген медико-биологиялық,биохимиаялық және педагогоикалық зерттеулер КазСТА ғылыми-зерттеу базасында өткізіледі. Спортшылардың лабараториялық зерттеулері, эксперименттер жүргізуге база ғылыми-зерттеу құралдармен заманауи жабдықталған.