ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ

Қазақ спорт және туризм академиясы оқу-әдістемелік бөлімі қызметінің  мақсаты оқу-әдістемелік үрдісті басқару және барлық мамандық студенттері үшін оқу үрдісінің тиімділігін және оқыту сапасын жоғарлататын заманауи технологиялар мен оқу құралдарын жүйелі түрде жетілдіру болып табылады.

Негізгі міндеттер

– білім берудің кредиттік технологиясы негізінде академияның оқу-әдістемелік үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару;

– оқу үрдісінің тиімділігін арттыру және оқытудың  жаңа технологияларын енгізу мен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыруға бақылау жасау;

– білім беру үрдісін жетілдіруге бағытталған ішкі нормативтік-әдістемелік материалдар әзірлеу;

– академиядағы дайындықтың барлық түрлеріне арналған  білім беру бағдарламаларын үздіксіз дамыту;

– бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын  үйлестіру, жұмыс оқу жоспарларын дайындау;

– оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін факультеттердің, кафедралардың және басқа да бөлімшелердің оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру;

– оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру (факультет деканаттарымен бірге);

– білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру;

– бакалавриат мамандықтарының барлық түрлеріне арналған практикаларды ұйымдастыру және өткізу;

– студенттердің қорытынды аттестациясын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;

– нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға дер кезінде жауап беру;  

– мемлекет пен академия белгілеген нормативтік базамен оқу құжаттарын үйлестіру және белгіленген стандарттарға сәйкестікті бақылау (ОЖЖ, сағаттарды есептеу, оқу үдерісінің кестесі, жеке ПОҚ  жеке жоспары, сабақ кестесі);

– барлық мамандықтар бойынша оқу үрдісінің  оқу-әдістемелік, ақпараттық  материалдармен  қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.

– профессор-оқытушылық құрамының оқу жылына арналған штаттық кестесін  факультеттер және  кадр бөлімімен  бірлесе отырып жасау және  профессор-оқытушылық құрамды, педагогикалық кадрларды есепке алу және ағымдық реттеу, сырттай оқытушыларға қажеттілікті анықтау, сағаттық қорды есепке алу және бөлу;

– кафедра мен оқытушылардың оқу жүктемелерінің орындалуын есепке алу,  бөлу және бақылау;

– студенттер контингентінің есебі;

– барлық бағыттар  мен мамандықтар бойынша практиканың  түрлерін талдау және бақылау;

– оқу үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарымен үйлестіру.

 

ОӘБ құрамы:

 – Студенттерге қызмет көрсету орталығы;

 – Студенттік бөлім;

 – Тәжірибе;

 – Жұмыспен қамту;

 – Оқу кестесін үйлестіру бойынша диспетчерлік.

Аты – жөні Қызметі Байланыс мәліметтері,

 электронды адрес

1 Сулейменова Гулфариза Абатбековна ОӘБ басшысы 8(727) 292-20-21,

sma1980@mail.ru

2 Саутов Рахмет Тюлимбаевич ОӘБ басшысының орынбасары 8(727) 278-45-59,

rakhmet@bk.ru

3 Муталиева Дарига Кенесовна Диспетчер маманы 8(727) 278-45-59
4 Бекишева Айнагуль Тараповна Студенттік бөлім маманы 8(727) 292-20-21
5 Бижанова Татьяна Викторовна Статистик маманы 8(727) 292-20-21,

centrkarkazast@mail.ru

6 Нығмет Марта Нығметовна Маман 8(727) 292-20-21,

mart-1971@mail.ru

7 Есенбаева Гульназ Ергешовна Студенттік қызмет көрсету маманы 8(727) 292-20-21,

gulnaz.esenbaeva@mail.ru

8 Раев Берикбол Сергалиевич Тәжірибе маманы 8(727) 292-20-21,

bsergalievich@mail.ru

9 Тагаева Алия Нурлановна Жұмыспен қамту мониторингі бойынша маман

 

8(727) 292-20-21,

kazast11@mail.ru

 

Close